Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта конкурс туралы хабарландыру

    ·

    Хабарлама

    Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын 10 жыл мерзімге беру жөнінде қайталама конкурс (бұдан әрі-Конкурс) өткізеді.

    Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімдігі осы хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелікон бескүн өткен соң осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 10жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 3 шілдеден 17 шілдеге дейін Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Лермонтов көшесі, 16А мекен-жайы бойынша Шортанды ауданының «Жер қатынастары және ауыл шарашылығы бөлімі» ММ жүзеге асырылады. Қорытынды шығарылған күн конкурстың аяқталған күні болып есептеледі. Конкурстың қорытындылары конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

    Күні 2026 жылғы 20 шілде сағат 15-00-де Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды кенті Абылай хан көшесі 20 (аудан әкімдігінің әкімшілік ғимараты) мекенжайы бойынша.

    № лот

    Жер учаскесінің орналасқан жері

    Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

    Ауданы, гектар

    Алқаптардың құрамы

    Топырақтың сапалық сипаттамасы

    Бонитет балы

    Сумен қамтамасыз етілуі

    Ауданның ауыл шаруашылығына мамандануы

    егістік

    жайылым

    1.

    Дамса ауылдық округі

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

    51,4

    42,5

    8,9

    Қаратопырақ

    39

    суланбаған

    Өсімдік шаруашылығы

    2.

    Дамса ауылдық округі

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

    184,5

    184,5

    Қаратопырақ

    38

    суланбаған

    Мал шаруашылығы

    3

    Дамса ауылдық округі

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

    553,0

    553,0

    Қаратопырақ

    38

    Мал шаруашылығы

    Конкурс Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасында тіркелген) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес өткізіледі. (мемлекеттік тізілімде № 18048 болып тіркелген).

    Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

    1)конкурсқа қатысуға өтінім;

    2) конкурстық ұсыныс;

    Конкурсқа қатысуға өтінімде ҚР Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер болуы тиіс.

    Жер учаскесін аквашаруашылық жүргізу үшін беруді қоспағанда, конкурстық ұсыныста:

    1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

    2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

    3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын және жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

    Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

    Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

    Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің Интернет-ресурстарынан және Шортанды ауданының «Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің 8 (7163135137; 35141) телефоны бойынша алуға болады

    Жүктеу
    Извещение о повторном конкурсе по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды)
    Извещение о повторном конкурсе по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды)
    DOCX · 20 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Степногорск қаласының 2026 жылғы 1 жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы

    Степногорск қаласының 2026 жылғы 1 жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Өнеркәсіп 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өндірілген өнім көлемі 399,5 млрд.теңгені құрады...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады? Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктері...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

    Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Қазақстан азаматтары тиісті сайлау учаскелерінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

    Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган ж...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    № 1 Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    № 1 Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Құрылтай депутаттары бес жыл мерзімге сайланады. Құрылтайдың құрамы...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссия отырысының хаттамасы 13 шілде 2026 жыл

    Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссия отырысының хаттамасы Степногорск қ. № 7 13 шілде 2026 жыл Төрағалық етті: Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Д. Оспанов...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    № 4 Қазақстан Республикасының сайлау учаскелерінен тыс жерде дауыс беру

    № 4 Қазақстан Республикасының сайлау учаскелерінен тыс жерде дауыс беру 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себ...

    Жарияланды: