Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссия отырысының хаттамасы 13 шілде 2026 жыл

    Степногорск қаласының әкімдігі

    Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу

    жөніндегі қалалық комиссия отырысының

    хаттамасы

    Степногорск қ. № 7 13 шілде 2026 жыл

    Төрағалық етті: Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Д. Оспанов.

    Қатысқандар: мемлекеттік кірістер басқармасының, қала кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, дербес бөлімдердің басшылары, комиссия мүшелері.

    І. Әлеуметтік төлемдер (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) берешегін өтеу бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы

    (А.А. Асамбаева )

    1. Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің басшысы - Айнұр Амангелдіқызы Асамбаеваның ақпараты назарға алынсын.
    2. Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына (келісім бойынша): әрекетсіз кәсіпорындардың мерзімі өткен берешегін өндіріп алу жұмыстарын ерекше бақылауда ұстау.
    3. Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне: әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларын комиссия отырыстарында тұрақты түрде тыңдау.

    ІІ. «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінің жұмысы туралы.

    (С.Н. Лаврентичева)

    1. Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі Лаврентичева Светлана Николаевнаның ақпаратын назарға алу.

    Кент және ауыл әкімдеріне:

    1. Кент және ауыл әкімдеріне: Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне және шетелге тұрақты немесе ұзақ мерзімге қоныс аударған азаматтарды уақтылы анықтау жұмыстарын ұйымдастырып, кейіннен мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтердің өзектендірілуін қамтамасыз ету;

    - халық арасында еңбек қатынастарын ресми түрде рәсімдеу және жұмыспен қамтуды заңдастыру қажеттілігі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;

    - мемлекеттік ақпараттық жүйелерге мәліметтердің уақтылы енгізілуін және олардың өзектендірілуін қамтамасыз етіп, нақты және есептік деректер арасындағы сәйкессіздіктерге жол бермеу;

    - Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде қайтыс болу фактілерін уақтылы тіркеу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және мүдделі қызметтермен өзара іс-қимыл жасай отырып, тиісті шаралар қабылдау;

    - «ӘЦЖО» модулында мамандардың күнделікті жұмысын қамтамасыз етіп, деректердің уақтылы өзектендірілуін тұрақты бақылауда ұстау.

    - мемлекеттік қолдау шараларының атаулылығын қамтамасыз ету мақсатында «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі деректердің сапасы мен дұрыстығын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру.

    IIІ. Жұмыссыздардың басым санаттарын жұмысқа орналастыру туралы.

    (А.Б. Ақжанова)

    1. Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік әріптестік секторының меңгерушісі Ақжанова Арай Балтабайқызының ақпаратын назарға алу.
    2. Кент және ауыл әкімдеріне, «Степногорск қаласының Мансап орталығы» КММ филиалына:

    - жұмыссыздардың басым санаттарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында атаулы жұмысты қамтамасыз ету;

    - жұмыссыз азаматтар арасында жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу тәртібі және қолда бар бос жұмыс орындары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;

    - жұмыссыздардың басым санаттарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша апта сайын мониторинг жүргізіп, ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейін төмендету жөнінде шаралар қабылдау;

    - жүргізілген жұмыс және қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпаратты 2026 жылғы 27 шілдеге дейін Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсыну.

    Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Д. Оспанов

    Жұмыс берушілердің өкілі,

    «Astana-Nan Chemicals» ЖШС

    филиалының директоры Т. Уәли

    Кәсіподақ ұйымдарының өкілі,

    «СПЗ» қызметкерлері

    кәсіподағының төрағасы С. Кубасов

    Жүктеу
    Протокол заседания городской комиссии по социальному партнерству и регулированию социальных и трудовых отношений 13 июля 2026 года
    Протокол заседания городской комиссии по социальному партнерству и регулированию социальных и трудовых отношений 13 июля 2026 года
    DOCX · 41 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс өткізу туралы

    ХАБАРЛАМА Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізед...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Құрметті Бөгенбай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері!

    Құрметті Бөгенбай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері! Бөгенбай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жүргізілген топырақты зерттеу нәтижелері бойынша, жерді пайдалану аумағында е...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, сондай...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    НҚА жобасы

    «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 Степногорск қалалық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз-релизі

    «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 Степногорс...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    № Аймақтар Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруүшінорындар 1. Ақсу к. Степногорск қаласы, Ақсу кенті, Амантай Қабылденов көшесі, 3, Степногорск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі ж...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Степногорск қаласы бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған орындардың тізбесі

    Степногорск қаласы бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған орындардың тізбесі № Қала / аудан Нысан және оның орналасқан жері Сыйымдылығы Меншік иесі/ жалға алушы Жалдау сомасы Ескерту г.Степногорск 1. Степногорск қ. «...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конүйиниум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімі

    Конүйиниум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімі

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конүйиниум объектісін басқару нысандары және конүйиниум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі

    Конүйиниум объектісін басқару нысандары және конүйиниум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды: