Құрметті Бөгенбай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері!

    Степногорск қаласының әкімдігі

    Құрметті Бөгенбай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері!

    Бөгенбай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жүргізілген топырақты зерттеу нәтижелері бойынша, жерді пайдалану аумағында ең көп таралған кәдімгі орташа қалыңдықтағы қара топырақтың жоғарғы гумусты-аккумулятивті қабатында органикалық заттардың азайғаны анықталды.

    Бұл технологиялық операциялар жиынтығы азайған бір агротехниканы ұзақ уақыт бойы қолданумен, сондай-ақ топыраққа органикалық және минералды тыңайтқыштардың түспеуімен байланысты.

    Астық пен азық өндірісін арттырудың басты резервтерінің бірі — арамшөптермен күрес. Арамшөптерді жою жөніндегі шаралар кешенінде жоғары егіншілік мәдениеті, ауыспалы егістер, топырақты өңдеу және гербицидтерді қолдану өзара ұштасады.

    Топырақ құнарлылығын арттыратын агротехникалық құралдардың ішінде бірінші орын сүргіге (парга) тиесілі.

    Топырақтағы органикалық заттардың (гумустың) тапшылықсыз немесе оң балансын қамтамасыз ету үшін оны жинақтаудың ең арзан әрі тиімді дереккөздеріне үлкен көңіл бөлінуі тиіс:

    • атыздарда майдаланған сабанды қалдыру;
    • көпжылдық шөптердің, әсіресе бұршақ-астық тұқымдас дақылдардың егіс көлемін кеңейту;
    • органикалық тыңайтқыштарды өндіру, сақтау және топыраққа енгізу әдістерін жақсарту;
    • топырақтың ластануына жол бермей, өсімдіктерді жеткілікті қоректендіруді қамтамасыз ететін мөлшерде минералды тыңайтқыштар енгізу;
    • ғылыми негізделген гумус сақтайтын ауыспалы егістерді сақтау;
    • қарқынды егіншіліктің топырақ қорғау бағыты;
    • аралық егістерді кеңінен қолданып, олардың бір бөлігін минералды тыңайтқыш ретінде жыртып жіберу;
    • топырақты ұтымды өңдеу, топырақты минималды және нөлдік өңдеуді толық игеру.

    Органикалық тыңайтқыштар топырақтағы гумус мөлшерін арттыру және оның құрылымын жақсарту үшін енгізіледі. Органиканы енгізудің ең төменгі мөлшері — гектарына 15-20 тонна. Фосфор тыңайтқыштарын енгізудің ең жақсы орны — сүр танабы, оның мөлшері бес және алты танапты ауыспалы егіс ротациясында бір рет негізгі өңдеуге гектарына 90-120 кг әсер етуші зат (ә.з.) құрайды. Азот тыңайтқыштары тек көктемде енгізіледі. Азот пен фосфор мөлшері төмен болған жағдайда, егіспен бірге азот тыңайтқыштарын гектарына 20-25 кг ә.з. және фосфор тыңайтқыштарын 15-20 кг ә.з. мөлшерінде енгізу ұсынылады.

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану және қорғау бөлігіндегі жер заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында топырақтың құнарлылығын сақтауға және арттыруға бағытталған жоғарыда аталған ұсынымдарды орындау бойынша тиісті шаралар қабылдау, сондай-ақ олардың тиісті түрде орындалуын қамтамасыз ету қажет.

    Ұсынылатын іс-шараларды іске асыру гумус мөлшерінің әрі қарай төмендеуінің алдын алуға, топырақ құнарлылығын сақтауға және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды әрі орнықты пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Жүктеу
    Уважаемые сельхозтоваропроизводители Богембайского сельского округа
    Уважаемые сельхозтоваропроизводители Богембайского сельского округа
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс өткізу туралы

    ХАБАРЛАМА Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізед...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, сондай...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    НҚА жобасы

    «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 Степногорск қалалық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз-релизі

    «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 Степногорс...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    № Аймақтар Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруүшінорындар 1. Ақсу к. Степногорск қаласы, Ақсу кенті, Амантай Қабылденов көшесі, 3, Степногорск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі ж...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Степногорск қаласы бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған орындардың тізбесі

    Степногорск қаласы бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған орындардың тізбесі № Қала / аудан Нысан және оның орналасқан жері Сыйымдылығы Меншік иесі/ жалға алушы Жалдау сомасы Ескерту г.Степногорск 1. Степногорск қ. «...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конүйиниум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімі

    Конүйиниум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімі

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конүйиниум объектісін басқару нысандары және конүйиниум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі

    Конүйиниум объектісін басқару нысандары және конүйиниум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Степногорск қаласы бойынша берілген жер учаскелер ақпараты

    Степногорск қаласы бойынша берілген жер учаскелер ақпараты № р/н құқықтың актінің нөмірі мен күні Жер учаскесін беру негізі Нысаналы мақсаты Ауданы га Жер учаскесінің орналасқан жері Құқық түрі, жалдау мерзімі 1 KZ39V...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды: