АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    Степногорск қаласының әкімдігі

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін қолданады.

    Көптеген елдерде зейнетақы жүйелеріне қатысушылардың құқықтарын қорғау зейнетақы төлемдері бойынша міндеттемелердің орындалмау тәуекелдерін сақтандыру, зейнетақы қорлары мен басқарушы компаниялардың қызметін мемлекеттік қадағалау, сондай-ақ олардың қаржылық тұрақтылығы мен тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарды белгілеу сияқты тетіктер арқылы қамтамасыз етіледі. Демек, негізгі басымдық тұрақты реттеу жүйесін қалыптастыруға, тиімді қадағалауды қамтамасыз етуге және жауапкершілікті мемлекет, қорлар мен басқарушы компаниялар арасында бөлуге беріледі.

    АҚШ-та белгіленген төлемдер жүйесіне (Defined Benefits, DB) негізделген корпоративтік зейнетақы жоспарларын Pension Benefit Guaranty Corporation (PBGC) [1] федералдық сақтандыру жүйесі қорғайды. Бұл жүйе жұмыс берушінің қызметкердің зейнетақы жинақтарын қалыптастыру бойынша өз міндеттемелерін орындауға қабілетсіз болған жағдайда, корпоративтік зейнетақы жоспары бойынша (заңда белгіленген шектерде) қызметкер алдындағы зейнетақы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

    Ұлыбританияда мұндай функцияларды Pension Protection Fund (PPF) [2] атқарады. Осыған ұқсас тетіктер Германияда да қолданылады. Бұл ретте осы тәрізді сақтандыру жүйелері тек белгіленген төлемдерге (Defined Benefits, DB) негізделген корпоративтік зейнетақы жоспарларына қолданылады және белгіленген жарналарға (Defined Contributions, DC) негізделген жинақтаушы зейнетақы жүйелеріне қолданылмайды.

    Кейбір елдерде зейнетақы жинақтарының ең төменгі кірістілігін қамтамасыз ету тетіктері көзделген. Олар абсолюттік номиналды мәнде де(мысалы, Бельгияда, Швейцарияда, Малайзияда, Сингапурда), сондай-ақ салыстырмалы түрде, яғни белгілі бір бағдарлық көрсеткішпен салыстыру арқылы, мысалы, орташа кірістілікке қатысты (Латын Америкасы елдерінде) белгіленуі мүмкін. Бельгия мен Швейцарияда міндетті кәсіптік зейнетақы қорларындағы кірістіліктің ең төменгі номиналды мөлшерлемесі заңнамамен бекітілген. Ол жұмыс берушінің өз қызметкерінің зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелерін есептеу кезінде пайдаланылады.

    Латын Америкасының бірқатар елдерінде (Чили, Колумбия, Сальвадор) ең төменгі кірістілік зейнетақы қорларының тиісті түрлері арасындағы орташа кірістілікке қатысты айқындалады. Егер зейнетақы қорын басқарушы (Administradora de Fondos de Pensiones, AFP) ең төменгі кірістілікті қамтамасыз ете алмаса, айырма қалыптастырылған резервтер (кепілдік резерві) есебінен өтеледі.

    Азияның бірқатар елдерінде де зейнетақы жинақтарының ең төменгі кірістілігіне қатысты талаптар қолданылады. Малайзияда қызметкерлердің жинақтаушы қоры (Employees Pension Fund, EPF) зейнетақы жинақтарының жылдық номиналды кірістілігіне кемінде 2,5% мөлшерінде кепілдік береді. Сингапурда Орталық жинақтаушы қор (Central Provident Fund, CPF) жылына 2,5%-дан 4%-ға дейінгі ең төменгі номиналды кірістілікті (шоттың түріне қарай) қамтамасыз етеді.

    Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдердің іс жүзінде барлығында зейнетақы қорлары мен басқарушы компаниялардың қызметі мемлекет тарапынан тәуекелге бағдарланған қадағалауға алынып, капиталдың жеткіліктілігіне, резервтерді қалыптастыруға, тәуекелдерді басқару жүйесіне және клиенттердің активтерін инвестициялық басқарудың кәсіби стандарттарын сақтауға қатысты қатаң талаптар қойылады.

    Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйелері дамыған сайын негізгі басымдық тиімді реттеуге, тәуекелге бағдарланған қадағалауға, сондай-ақ салымшылардың құқықтары мен инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге қарай ауысып келеді.

    Қазақстанның зейнетақы жүйесі де осы бағытта дамып келеді. Еске сала кетейік, заңнамалық өзгерістер азаматтардың өздерінің зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Салымшы әртүрлі инвестициялық стратегиялар мен портфельдерді ұсынатын бір немесе бірнеше басқарушы компанияны өз бетінше таңдап, өзінің жинақтарының 100%-ына дейінгі бөлігін олардың сенімгерлік басқаруына бере алады.

    Инвестициялық мүмкіндіктердің кеңеюі және зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру шараларының іске асырылуымен бірге зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету тәсілдері де өзгеруде. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттің кепілдігі БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуын қамтамасыз етуді көздейді. Бұл ретте мемлекеттің негізгі міндеттемелері зейнетақының мемлекеттік құрамдас бөлігінің (базалық және ынтымақты зейнетақылардың) жеткіліктілігін сақтауға шоғырландырылады.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    [1] Who we are | Pension Benefit Guaranty Corporation

    [2] https://www.ppf.co.uk/?utm

    Жүктеу
    ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Как защищают пенсионные накопления в разных странах
    ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Как защищают пенсионные накопления в разных странах
    DOCX · 70 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс өткізу туралы

    ХАБАРЛАМА Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізед...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Құрметті Бөгенбай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері!

    Құрметті Бөгенбай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері! Бөгенбай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жүргізілген топырақты зерттеу нәтижелері бойынша, жерді пайдалану аумағында е...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, сондай...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    НҚА жобасы

    «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 Степногорск қалалық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз-релизі

    «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 Степногорс...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    № Аймақтар Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруүшінорындар 1. Ақсу к. Степногорск қаласы, Ақсу кенті, Амантай Қабылденов көшесі, 3, Степногорск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі ж...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Степногорск қаласы бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған орындардың тізбесі

    Степногорск қаласы бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған орындардың тізбесі № Қала / аудан Нысан және оның орналасқан жері Сыйымдылығы Меншік иесі/ жалға алушы Жалдау сомасы Ескерту г.Степногорск 1. Степногорск қ. «...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конүйиниум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімі

    Конүйиниум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімі

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конүйиниум объектісін басқару нысандары және конүйиниум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі

    Конүйиниум объектісін басқару нысандары және конүйиниум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды: