Степногорск қаласының 2026 жылғы 1 жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы

    Степногорск қаласының әкімдігі

    Степногорск қаласының 2026 жылғы 1 жартыжылдықтағы

    әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы

    Өнеркәсіп

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өндірілген өнім көлемі 399,5 млрд.теңгені құрады.

    Өңдеу өнеркәсібі 280,6 млрд. теңгені құрады.

    Ақмола облысының өнеркәсіптік өндірісіндегі Степногорск қаласының үлесі 30,6% құрады.

    Инвестиция

    Қала экономикасына 14,7 млрд. теңге инвестиция салынды. Негізгі капиталға инвестициялардың НКИ 86,0 %.

    Кәсіпкерлікті дамыту

    2026 жылғы 1 маусымға әртүрлі салаларда 3 446 шағын және орта бизнес субъектілері қызметін жүзеге асырады.

    Тіркелген субъектілер қатарындағы жұмыс істеп тұрған субъектілердің ШОБ үлесі 95,4% құрады. Жыл басынан бері 229 жаңа жұмыс орны құрылды.

    Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде 0,2 млрд. теңгеге 1 жоба кепілдік алды .

    Бөлшек тауар айналымы 16,5 млрд.теңгені, НКИ – 102,9% құрады.

    Көтерме сауда көлемі 30,3 млрд.теңгені, НКИ – 100,2% құрады.

    Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында Степногорск өңірінің және облыс пен Астана қаласының жақын аудандарының тауар өндірушілерінің қатысуымен 26 жәрмеңке өткізілді, онда 0,2 млрд.теңге сомаға өнім сатылды.

    Бюджет

    Бюджеттің барлық деңгейлеріне 47,8 млрд. теңге сомасына салықтар мен төлемдер түсті. Жергілікті бюджетке – 11,5 млрд. теңге, оның ішінде қалалық бюджетке – 7,6 млрд. теңге.

    Республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттерді ескере отырып, 11,9 млрд.теңге немесе жоспарға 98,7% игерілді.

    Ауыл шаруашылығы

    Жалпы өнім 2,5 млрд. теңгеге шығарылды, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 1,4 млрд.теңге, мал шаруашылығы – 1,1 млрд. теңге. Жалпы өнімнің НКИ 100,1% құрады.

    Мал мен құс басы: ІҚМ-16,4 мың (104,9 %), қой мен ешкі – 25,4 мың (111,9 %), жылқы –19,2 мың (114,4 %), құс – 14,0 мың (115,6 %), шошқа - 202 ( 122,4 %).

    Құрылыс

    Құрылыс жұмыстарының көлемі 21,5 млрд. теңгені құрады. НКИ - 558,4%.

    Тұрғын үй пайдалануға берілді – 3 618,0 ш.м.

    Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

    Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына 101 адам енгізілді.

    2026 жылдың 1 шілдесіне жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 1 929 адам өтініш білдіріп, 1 335 адам жұмысқа орналастырылды.

    Орташа айлық жалақы 430 955 теңгені құрады.

    1 335 жаңа жұмыс орны құрылды.

    2 363 адамға әлеуметтік көмек тағайындалды.

    175 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілді.

    Білім

    Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 2 391 тәрбиеленуші, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%, 1–ден 6-ға дейін –93 ,3% құрайды.

    Орта білім беру оқушыларының саны 9303 оқушыны құрады. Барлығы 11–сынып түлектері – 440, оның ішінде «Алтын белгі» - 40 түлек, Үздік аттестатын 39 түлек алды.

    Мәдениет және спорт

    Жыл басынан бері қалада 110 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Халықты дене шынықтыру және спортпен қамту 43% құрады.

    Дене шынықтыру және спорт ұжымдарында 126 спорт секциясы жұмыс істейді, онда 28,6 мың адам айналысады.

    Қала мен кенттердің мәдениет ұйымдарында жыл басынан бері жалпы саны 2589,2 мыңнан астам адам қамтылған 1890-нан астам іс-шара өткізілді. Мәдениет мекемелерінде 108 клуб құрылымдары жұмыс істейді, оларға 2,9 мың қатысушы тартылған.

    Сонымен қатар, «Халықтық» және «Үлгілі» құрметті атақтары бар шығармашылық ұжымдарға 673 адам қатысады.

    Жүктеу
    Об итогах социально-экономического развития города Степногорска за 1 полугодие 2026 года
    Об итогах социально-экономического развития города Степногорска за 1 полугодие 2026 года
    DOCX · 46 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс өткізу туралы

    ХАБАРЛАМА Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізед...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Құрметті Бөгенбай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері!

    Құрметті Бөгенбай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері! Бөгенбай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жүргізілген топырақты зерттеу нәтижелері бойынша, жерді пайдалану аумағында е...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, сондай...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    НҚА жобасы

    «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 Степногорск қалалық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз-релизі

    «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 Степногорс...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    № Аймақтар Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруүшінорындар 1. Ақсу к. Степногорск қаласы, Ақсу кенті, Амантай Қабылденов көшесі, 3, Степногорск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі ж...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Степногорск қаласы бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған орындардың тізбесі

    Степногорск қаласы бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған орындардың тізбесі № Қала / аудан Нысан және оның орналасқан жері Сыйымдылығы Меншік иесі/ жалға алушы Жалдау сомасы Ескерту г.Степногорск 1. Степногорск қ. «...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конүйиниум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімі

    Конүйиниум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімі

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конүйиниум объектісін басқару нысандары және конүйиниум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі

    Конүйиниум объектісін басқару нысандары және конүйиниум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды: