2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған "Жаңаарқа ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы" 2026 жылғы 26 тамыздағы №3 қаулысының негізінде Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
2026 жылдың 27 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Бидайық ауылдық округінің әкіміне 3 үміткер ұсынылғанын хабарлайды. Оның ішінде саяси партиялардан - 0, өзін-өзі ұсыну тәртібімен – 3 үміткер. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 3 үміткер ер адам.
Үміткерлердің орташа жасы 47 жасты құрайды. Ең жас үміткер 34 жаста, үміткерлер арасында ең үлкені – 61 жаста.
Келесі мамандықтар бойынша: автомобильдер және автомобиль шаруашылығы - 1 үміткер, құқықтану - 1 үміткер, машина жасау және құқықтану – 1 үміткер.
Ұсынылған үміткерлердін ішінде: 3 үміткер мемлекеттік қызметкер.
Қазіргі уақытта Бидайық ауылдық округінің әкіміне үміткерлерді тіркеу процесі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылғы 13 қыргүйек сағат 18:00 ге дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиясы мемлекеттік органдармен бірлесіп, үміткерлер ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмысты жалғастыруда.