04 қыркүйек Өкім № 45 НҚ
2026 жылдың 19 қантарындағы
«Жаңаарқа ауданы бойынша
конкурсқа шығарылатын
ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жер телімдерінің тізімін бекіту
туралы» № 5НҚ Өкіміне өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17,43-1 баптарын және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйырығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын» басшылыққа ала отырып
- 2026 жылдың 19 қантарындағы № 5 НҚ Өкімімен бекітілген Жаңаарқа ауданы бойынша конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері Түгіскен ауылдық округі бойынша 106 жер телімі болып өзгертілсін.
- “Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне:
- бекітілген тізім бойынша жер телімдеріне жерге орналастыру жұмыстарын жасау үшін тиісті шаралар ұйымдастыру;
- ауданның аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында, әкімдіктің интернет ресурсында жариялау және Ұлытау облысы көлеміндегі аудан және қалалардың жергілікті атқарушы органдарға және орталық уәкілетті органына жолдау тапсырылсын.
3.Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әбдіғожинға жүктелсін.
Аудан әкімі Қ.Қожықаев
Орынд.: А.Курмашев