Қосымшаға сәйкес Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 26 тамыздағы №3 қаулы
2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Бидайық ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
1. Жаңаарқа ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау. | |
Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 26 тамыз 2026 жыл (113-1-б. 1,1-т.) | |
2. Сайлау округтерінің тізімін, оның шекаралары мен Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылдың 5 қыркүйектен кешіктірілмей. (22-б.) | |
3. Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылдың 5 қыркүйектен кешіктірілмей. (13-б. 4-т.) | |
4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2026 жылдың 10қыркүйектенкешіктірілмей. (17-б. 2-т.) | |
5. Сайлау учаскесінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
Жаңаарқа ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде - 2026 жылдың 10қыркүйектенкешіктірілмей. (23-б. 5-т.) | |
|
6. Әкім болуға кандидаттарды ұсыну Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. Басталуы – 27 тамыз 2026 жыл, аяқталуы – 8 қыркүйек 2026 жыл сағат 18:00 де. (113-3-б. 5-т.) | |
7. Әкім болуға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау. | |
Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы (4-б.4-т, 113-2.) | |
8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру | |
Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Әкім болуға кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 2-1) т., 31-б.) | |
9. Әкім болуға кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын беру | |
Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) | |
10. Әкім болуға кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу | |
Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 7-т.) | |
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2026 жылдың 1 қаңтарынан қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі | |
Әкім болуға кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) | |
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну ( 2026 жыл 1 тамызға) | |
Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) | |
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру. | |
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т.) | |
14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру | |
Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен 20 күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. аяқталуы – 13 қыркүйек 2026 жыл сағат 18:00 де. (113-5-б.) | |
15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) | |
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру | |
Жергiлiктi атқарушы орган және Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) | |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу | |
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады Басталуы – 13 қыркүйек 2026 жыл сағат 18:00 кейін, аяқталуы – 3 қазан 2026 жыл сағат 00:00 де. (27-б. 2-т.) | |
18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Жергiлiктi атқарушы органдар және Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) | |
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну | |
Жаңаарқа ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылдың 14 қынкүйекке дейін. (24-б. 5-т.) | |
20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну | |
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2026 жылдың 19 қыркүйекте. (26-б. 1-т.) | |
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету | |
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылдың 24 қыркүйекке дейін. (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) | |
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу | |
Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күннен кешіктірмей 2026 жылдың 1 қазаннан ерте емес және 3 қазаннан кешіктірмей (37-б. 3-т.) | |
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау | |
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда Жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де 4 қазан 2026 жылы. (40-б. 1-т.) | |
24. Дауыс беруді өткізу | |
Учаскелік сайлау комиссиясы Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) | |
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау | |
Учаскелік сайлау комиссиясы Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-дебасталады (18-б. 8) т., 43-б.) | |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу | |
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) | |
27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну | |
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) | |
28. Әкімді сайлаудың қорытындыларын анықтау | |
Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылдың 7 қазаннан кешіктірмей (113-10-б.) | |
29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей, 2026 жылдың 10 қазаннан кешіктірмей. (44-б.) | |
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлікті беру | |
|
Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін, 2026 жылдың 10 қазаннан кешіктірмей. (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) | |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.