2026 жылғы 26 тамыздағы Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясының №4 ҚАУЛЫСЫ
Жаңаарқа ауданының
Бидайық ауылдық округі
әкімін сайлау бойынша
сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 3-тармағына, 22-бабына сәйкес Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жаңаарқа ауданының Бидайық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Бидайық ауылы, Ақтайлақ ауылы, Қарамола ауылы және №69 разъезд шекарасында Бидайық сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округінің тізімі, оның шекарасы және аудандық, учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет парақшасында және аудандық «Жаңаарқа» газетінде жариялансын.
Комиссиясының төрағасы М.Мукатаев
Комиссия хатшысы И.Даулетов