Жәнібек және Ұзынкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    Жәнібек ауданының әкімдігі

    2026 жылғы 18 қазанға тағайындалған

    Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы

    Жәнібек және Ұзынкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының

    КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    1. Жәнібек және Ұзынкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    2026 жылғы 9 қыркүйек

    (14-б. 8-1-т, 113-1-б. 1т 2-тт, 3т )

    2. Сайлау округінің тізімі мен шекарасын және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

    2026 жылғы 19 қыркүйектенкешіктірмей

    (22-б.)

    3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 19 қыркүйектенкешіктірмей

    (13-б. 4-т.)

    4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2026 жылғы 23 қыркүйектенкешіктірмей

    (17-б. 2-т.)

    5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

    Аудан әкімі

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей - 2026 жылғы 23 қыркүйектенкешіктірмей

    (23-б. 5-т.)

    6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну.

    Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

    Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

    2026 жылғы 10 қыркүйектен басталады және 2026 жылғы 22 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

    (113-3-б. 5-т.)

    7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    (4-б, 113-2-б, 36-2-б.)

    8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және тиісті куәліктерді беру.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

    (14б. 8-1)т.т, 31-б.)

    9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Кандидаттың талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңында көзделген

    (113-4-б.)

    10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың шынайлығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып

    Қол қою парақтары сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

    (113-4-б. 8-т.)

    11. Әкімдікке кандидаттардың жергілікті атқарушы органның шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2026 жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі.

    Әкімдікке кандидаттар,

    саяси партиялар (әр ұсынылған кандидатқа)

    Кандидат тіркелгенге дейін

    (113-5б. 2-т.)

    12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну кезеңі басталғаннан айдың бірінші күніне ұсынылады. (2026 жылдың 1 қыркүйекке)

    Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

    Кандидат тіркелгенге дейін

    (113-5-б. 3-т.)

    13. Әкімдікке кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

    Мемлекеттік кіріс органдары

    Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

    (113-5-б. 3-т.)

    14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

    Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2026 жылғы 27 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

    (113-5-б.)

    15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

    (113-5-б. 9-т.)

    16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру.

    Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Үгіт басталғанға дейін

    (28-б. 6-т.)

    17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

    Әкімдікке кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

    2026 жылғы 27 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 17 қазандажергілікті уақыт бойыншанөлсағатта аяқталады .

    (27-б. 2-т.)

    18. Әкімдікке кандидаттарды сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, кандидаттардың және сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

    Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

    (28-б. 4-т.)

    19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну.

    Аудан әкімі

    Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

    2026 жылғы 28 қыркүйекке дейін

    (24 б. 5-т.)

    20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

    2026 жылғы 3 қазаннан бастап

    (26-б. 1-т.)

    21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету.

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 8 қазаннан кешіктірмей

    (18-б. 5)-т.т, 38-б. 2-т.)

    22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 15 қазаннан ерте емес және 2026 жылғы 17 қазаннанкешіктірмей

    (37-б. 3-т.)

    23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

    Жергілікті уақыт бойынша 2026 жылғы 18 қазан сағат 06.00-де

    (40-б. 1-т.)

    24. Дауыс беруді өткізу.

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

    (38-б. 1-т.)

    25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау.

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

    (18-б. 8)-т.т, 43-б.)

    26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу.

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

    ( 43-б. 8-т.)

    27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну.

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

    (113-8-б. 1-т.)

    28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау өткеннен кейін үш күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 21 қазаннан кешіктірмей

    (113-10-б. 1-т)

    29. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 24 қазаннан кешіктірмей

    (44-б.)

    30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

    Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Конституцияға және әкім мәртебесі бар сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес сыйыспайтын міндеттерді өздерінен қосу туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

    2026 жылғы 24 қазаннан кешіктірмей

    (45-б., 46-б. 3-т., 113-11б. 1-т.)

    Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

    Жүктеу
    Календарный план основных мероприятий по подготовке и проведению выборов акимов Жанибекского и Узункульского сельских округов
    DOC · 91 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Өмірбаян

    Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметке кіретін және қызметтегі, сондай-ақ судья, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның ведомстволары қызметшісі лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарды, олардың жұба...

    Жәнібек ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Өтініш

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 15/22 қаулысына 1-қосымша нысан Кандидат жеке өзі толтырады _________________________________ аумақтық сайлау комиссиясының атауы ӨТІНІШ Ме...

    Жәнібек ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сауалнама

    САУАЛНАМА (өз қолымен толтырылады) Фото орны Тегі __________________________________ Аты __________________________________ Әкесінің аты (болған жағдайда) __________________________________ Жекелеген сәйкестендіру номер...

    Жәнібек ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Кандидаттарға арналған қажетті құжаттар тізімі.

    Қажетті құжаттар тізімі: Саяси партиядан ұсынылған кандидаттың жинақтайтын құжаттары Саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаты; Саяси партияның тиісті филиалы жоғары басшы органының ауылдық округ әкіміне кандида...

    Жәнібек ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Үлгілік біліктілік талаптары

    Үлгілік біліктілік талаптары: Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:...

    Жәнібек ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жәнібек және Ұзынкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

    Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылдың 9 қыркүйектегі№24ҚАУЛЫСЫ Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Жәнібек және Ұзынкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы «Қазақстан Республ...

    Жәнібек ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Cайлау округтерін құру туралы

    Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылдың 9 қыркүйектегі №25 ҚАУЛЫ 2026 жылғы 18 қазанға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек және Ұзынкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауына ора...

    Жәнібек ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Кондоминиум объектісін басқару нысандары және кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі

    Жәнібек ауданының әкімдігіЖарияланды: