Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
2026 жылдың 9 қыркүйектегі №25 ҚАУЛЫ
2026 жылғы 18 қазанға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек және Ұзынкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауына орай сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жәнібек ауданы Жәнібек және Ұзынкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауы бойынша Жәнібек ауылдық округі аумағының шекарасында - Жәнібек сайлау округі және Ұзынкөл ауылдық округі аумағының шекарасында - Ұзынкөл сайлау округі құрылсын.
- Осы қаулы «Ғұмар елі» аудандық қоғамдық - саяси газетінде және аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Жәнібек ауданының аумақтықсайлау комиссиясының төрағасы Ж.Хаирлиев