Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
2026 жылдың 9 қыркүйектегі№24ҚАУЛЫСЫ
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Жәнібек және Ұзынкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1 тармағына, 113-1-бабының 1-ші тармағының 2 тармақшасына сәйкес Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек және Ұзынкөл ауылдық округі әкімдерінің өкілеттік мерзімдерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты аталған ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2026 жылғы 18 қазанға тағайындалсын.
- 2026 жылғы 18 қазанға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек және Ұзынкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымша бекітілсін.
- Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Жәнібек ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы аудандық «Ғұмар елі» қоғамдық – саяси газетінде және Жәнібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Жәнібек ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Хаирлиев
Жәнібек ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Г.Есниязова