«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
№ 146 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалған комиссия мүшесінің орнына сайлансын:
Саветова Наталья Николаевна, 2001 жылы 28 тамызда туған, «Николаевка ауылының негізгі орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, «Ауыл» партиясының Ақмола облыстық филиалының атынан.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихатының төрағасы Ә. Балташев