Аршалы кенті2026 жылғы 18 маусым
Бөлімнің жұмысы және
Аршалы ауданындағы
қоғамдық-саяси жағдай туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15-баптарына сәйкес, әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Аршалы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Ф.З. Накохованың «Бөлімнің жұмысы және Аршалы ауданындағы қоғамдық-саяси жағдай туралы» ақпараты назарға алынсын.
- «Аршалы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ ұсынылсын.
- ауданда қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған қоғамдық-саяси іс-шараларды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, жастар бастамаларын қолдауға және жастарды ауданның қоғамдық өміріне тартуға бағытталған мемлекеттік жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыруды жалғастыру.
- Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Комиссия төрайымы А. Анюхина