Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:
- Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының LV кезектi сессиясы 2026 жылғы 18 маусымда шақырылсын. Сессияның басталуы сағат 11.30-де аудандық әкімдік мәжіліс залында.
- Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының LV кезектi сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:
1) «2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» жылдық есепті бекіту туралы;
2) Аршалы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 27 наурыздағы № 51/4 «Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев