«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезектен тыс LVI сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселелер кіреді:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 46/2 «2026-2028 жылдарға арналған Аршалы ауданының кенттерінің, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 маусымдағы №20/4 «Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Аршалы ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы;
4) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 14 қанңтардағы № 31/4 «Сегізінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрайымдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 04 қарашадағы № 42/7 «Аршалы ауданының бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
6) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев