Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 31/4 «Сегізінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрайымдарын сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Сегізінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Аршалы аудандық мәслихатының экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып депутат Түгелбаев Марат Амангелдіұлы сайлансын.».
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев