«Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

    «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1750 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

    2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

    «2. Әлеуметтік көмек ақшалай немесе заттай нысанда көрсетіледі және біржолғы және (немесе) мерзімді түрде (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) Алматы қаласында тұрақты тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға беріледі.»;

    3-тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

    «6) ең төмен күнкөріс деңгейі – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен тұтыну қоржыны құнының шамасына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай табыс;»;

    3-тармақтың 12) және 15) тармақшалары алып тасталсын;

    8-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

    «8. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

    1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

    2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

    3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;

    4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.

    Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келгенде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан зиян тиген мүлік орналасқан жер бойынша көрсетіледі.

    Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.

    Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.»;

    12-тармақтың он үшінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

    «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні: Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар – 400 (төрт жүз) мың теңге»;

    13-тармақ алып тасталсын;

    15-тармақтың екінші азат жолы алып тасталсын;

    17, 17-1, 19-тармақтар алып тасталсын;

    20-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

    «20. Әлеуметтік көмек жыл сайын тағайындалады және тоқсан сайын 3,5 (үш бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді, жан басына шаққандағы орташа табысы 3 (үш) ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мынадай азаматтар санаттарына:

    1) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге (бұдан әрі – зейнет жасына толған зейнеткерлер);

    2) бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектігі барларға көрсетіледі.»;

    22-тармақ алып тасталсын;

    23-тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

    «23. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында (бұдан әрі – Алматы қаласының ЖИТС орталығы) диспансерлік есепте тұрған, АИТВ инфекциясы бар балаларға әлеуметтік көмек отбасының табысын есепте алмағанда жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) есе мөлшерінде ай сайынғы төлеммен тағайындалады.»;

    24-тармақтың 16), 30), 33) және 34) тармақшалары алып тасталсын;

    27-тармақтың 3) тармақшасының бесінші азат жолы және 4) тармақшасы алып тасталсын;

    45-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

    «45. Әлеуметтік көмек мынадай жағдайларда тоқтатылады:

    1) алушы қайтыс болған кезде;

    2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен кезде;

    3) алушы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген кезде;

    4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіні анықталған кезде;

    5) әлеуметтік көмек алуға негіздердің жойылғаны туралы мәліметтер анықталған кезде.

    Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмек төлемдеріне қолданылмайды.

    Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

    Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады.».

    1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
    Жүктеу
    cf7369774a6f32f0fbcde89ba715fab9_original.91656.pdf
    PDF · 90 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Жоспар

    План государственных закупок №84 от 2026-09-03

    План государственных закупок №84 от 2026-09-03 Общие сведения БИН заказчика Для государственных учреждений Наименование заказчика (на казахском языке) Наименование з...

    Қаулы

    2026 жылға арналған мемлекеттік емес сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызм...

    Анықтама

    Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

    Ақпарат

    Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота

    Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана арасында бөлу тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минист...

    Анықтама

    «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    I Кіріспе Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің толық атауы: «Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Ішкі талд...

    Анықтама

    «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды бастау туралы

    «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА I Кіріспе Сыбайлас жемқорлық тәуеке...

    Ақпарат

    Берілген рұқсаттар, жіберілген хабарламалар, рұқсаттар беру және хабарламаларды жіберу шарттары туралы мәліметтер

    Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (әрі қарай - Басқарма) «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Премь...