Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (әрі қарай - Басқарма) «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының» (әрі қарай - Қағида) негізінде жүзеге асырады.
Қағиданың 3 тармағына сәйкес «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін алу үшін жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға « электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы немесе migration.enbek.kz порталы арқылы шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса, Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес өтінішті ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері - Электрондық (толық автоматтандырылған).
Алматы қаласында «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша 2025 жылы 1545, 2026 жылдың 01 маусымына 751 хабарламалар мен жұмыс рұқсаттары берілді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызметті алушыдан Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
- Бірінші, екінші, үшінші және төртінші санаттар бойынша шетелдік жұмыскерлерді тарту кезінде:
1) жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініші;
2) тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білім туралы нотариат куәландырған құжаттардың және аудармалардың (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) электрондық көшірмелері;
4) жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған келісімшарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмесі және аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (егер шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай Қағидалардың 39-тармағына сәйкес жүзеге асырған жағдайда);
шетелдік жұмыскер мен шетелдік жұмыскерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші арасында келісілген құжаттың (хаттың немесе ауыстыру туралы келісімнің) нотариат куәландырған электрондық көшірмесі және аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін мұндай заңды тұлға - жұмыс берушінің тікелей немесе жанама түрде акциялары немесе қатысу үлестері бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда);
5) шетелдік жұмыскердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесінің оны тарту жүзеге асырылатын лауазымға сәйкестігін растайтын жұмыс беруші хатының электрондық көшірмесі;
6) Қағидалардың 14-тармағына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық азаматтарға ауыстыруды орындау туралы ақпарат;
7) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды, шетелдік заңды тұлғалардың жұмыскерлерінің саны 10 адамнан аспайтын өкілдіктері мен филиалдарын, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 14-5) тармақшасына сәйкес өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту қағидаларына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде шығу елдері бойынша квоталар шегінде берілетін рұқсаттар бойынша Қазақстан Республикасына өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда);
8) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша инвестициялық басым жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту шарттары туралы құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
9) Қағидалардың 14-тармағына сәйкес шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық азаматтарға ауыстыру туралы ақпарат;
10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қызметтер көрсету туралы шарттың электрондық көшірмесі (бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде);
11) сұрау салынатын шетелдік жұмыс күшіне қажеттілікті қанағаттандыру туралы тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің уәкілетті органы хатының электрондық көшірмесі (бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде);
12) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
13) рұқсат бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжат;
- Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайта ресімдеу:
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайта ресімдеу үшін мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінің 2-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.
- Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту:
1) жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініші;
2) тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;
3) кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
4) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) рұқсат бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжат.
- Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе қайта ресімдеу:
1) жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініші;
2) еңбек шартының (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған) не жұмыс берушімен (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған), Қазақстан Республикасында құрылған/есептік тіркеуден өткен аталған заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен, аффилиирленген тұлғасымен жасалған корпоративішілік ауыстыру туралы хаттың немесе келісімнің нотариат куәландырған аудармасы (құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);
3) Қазақстан Республикасында танылатын растаушы құжаттар қоса берілген жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат;
4) Қағидалардың 80-тармағына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде жүктелген ерекше шарттардың орындалуы туралы ақпарат;
5) шетелдік жұмыскердің корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын лауазымның біліктілігі мен кәсіби тәжірибесіне сәйкестігін растайтын шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші хатының электрондық көшірмесі, сондай-ақ қабылдаушы тараптан жұмыскердің қажетті біліктілігі мен кәсіби жұмыс тәжірибесі бар екенін растайтын хат;
6) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат;
7) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
8) кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламаның электрондық көшірмесі (бар болса);
9) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.
- Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту:
1) жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініші;
2) Қағидалардың 80-тармағына сәйкес орындау мерзімі басталған, өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың ерекше шарттарын орындау туралы ақпарат;
3) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
4) рұқсаттардың мерзімін ұзартудың негіздемесі; шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) қабылданатын ерекше жағдайлар туралы ақпарат.
- Шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясының өзгеруіне байланысты және жұмыс беруші-Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ оның атауы немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген деректемелері өзгерген жағдайда, рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
1) жұмыс берушінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған өтініш;
2) шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің атының, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясының өзгергенін, Қазақстан Республикасының жұмыс берушісі-заңды тұлғасының немесе шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу немесе қайта құру түрінде қайта құрылуын растайтын, сондай-ақ оның атауы немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген деректемелер өзгерген жағдайда растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту мемлекеттік қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша Басқармаға хабарласуға болады. Мекенжайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85, 3-қабат, 301, тел. 338-30-15.
Басшының орынбасары Ж. Жазылтаева