Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес, Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Құрманғазы ауданының Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркегендігі туралы хабарлайды:
Кудряшов ауылдық округінің әкіміне кандидат болып:
Жексенбай Аян Жексенбайұлы 1999 жылы туған, директордың шаруашылық қызметі жөнінде орынбасары, «Сұмағл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі» МКҚК, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Қайбошев Айдын Асылбекұлы 1992 жылы туған, бас маман есепшісі, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Кудряшов ауылдық округі әкімі аппараты ММ, Құрманғазы ауданы, Кудряшов ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Умирзахов Рауан Мустахимович1985 жылы туған, бас маман, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімі аппараты ММ, Құрманғазы ауданы, Көптоғай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Қиғаш ауылдық округінің әкіміне кандидат болып:
Вахитов Бактияр Тлеккабылович 1990 жылы туған, басшы, Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының Атырау облысы мемлекеттік архиві» КММ Құрманғазы аудандық филиалы, Құрманғазы ауданы, Кадырка ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Гайсина Анар Саясатовна 1968 жылы туған, бас маман, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппараты ММ, Құрманғазы ауданы, Жыланды ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Джунусова Марина Николаевна 1966 жылы туған, әкім, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылдық округі әкімі аппараты ММ, Құрманғазы ауданы, Қиғаш ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы