ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесінің Атырау облысы бойынша 2026 жылғы 1 шілдедегі негізгі көрсеткіштері

    Атырау облысы, Құрманғазы ауданының әкімдігі

    Контакты для СМИ: [email protected]

    Официальный сайт: www.enpf.kz

    Facebook, Instagram: enpf.kz

    ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесінің Атырау облысы бойынша

    2026 жылғы 1шілдедегі негізгі көрсеткіштері

    Жеке зейнетақы жинақтарының көлемі

    2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша салымшыларының жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі 1,216трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8%- ға жоғары.

    Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан. Жарнаның бұл түрінің есепті күндегі көлемі 1,181трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға өсті.

    Ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 35млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артқан. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі 226млн теңгеге жетіп, 31,2%-ға өскен.

    Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бойынша жинақ көлемі 54,8млрд теңгені құрады.

    Жинақтаушы зейнетақы шоттарының саны

    2026 жылғы 1 шілдеде Атырау облысы бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны 434 832 жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға жоғары. Оның ішінде:

    • МЗЖ бойынша- 385 326 шот;
    • МКЗЖ – 31 557 шот;
    • ЕЗЖ - 17 949 шот.

    Ал ҚР заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 226 997 құрады.

    Төлемдер мен аударымдар

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау облысы бойынша БЖЗҚ-ға келіп түскен зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдардың жалпы көлемі – 56,8 млрд теңге. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,3%-ға жоғары.

    2026 жылдың алты айында біржолғы зейнетақы төлемдері 24,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде облыс тұрғындары емделу мақсатында 44,5 млн теңге көлемінде зейнетақы жинағын пайдаланды, қалған қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатына пайдаланған.

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс бойынша БЖЗҚ-дан жүзеге асырылған төлемдер:

    - зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 5,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ға өсті;

    - мұрагерлік бойынша төлемдер 2,9 млрд теңгені құрап, 46,8 %-ға артты;

    - ҚР тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер 611 млн теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға жоғары;

    - жерлеуге байланысты төлемдер 178 млн теңгені құраса;

    -мүгедектігі бар адамдарға төленген қаражат көлемі 106 млн теңгеге жетіп 15,8% -ға өсті.

    Сондай-ақ сақтандыру ұйымдарына зейнетақы аннуитет келісім шарттары бойынша 22,7 млрд теңге сомасында аударылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2, 3 есеге өскен.

    «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы

    2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 2026 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезенде өңір бойынша 14 407 өтініш орындалып, жалпы сомасы 2,8 млн АҚШ долларына жуық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға жолданды.

    Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 1,9 мың АҚШ долларынан астам сомаға 10 011 өтініш, ал білім беру ақысын төлеу мақсатында 887 мың АҚШ долларына 4 396 өтініш орындалды.

    Филиал қ ызметтері

    2026 жылдың 6 айында 22 699 жүзбе-жүз қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға төмен. Сонымен қатар қашықтықтан кеңес беру арналары арқылы 4 603 қызмет көрсетілді.

    ҚР зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың негізгі бағыттары бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында филиал қызметкерлері 1 732 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді, оған 36 459 адам қатысты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда іс-шаралар саны 18,5%-ға, ал қатысушылар саны 17,9%-ға артқан.

    Қорға хабарласу жолдары

    БЖЗҚ-ның қашықтықтан кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.

    «БЖЗҚ» АҚ Атырау облыстық филиалы

    Жүктеу
    Основные показатели деятельности ЕНПФ по Атырауской области по состоянию на 1 июля 2026 года
    Основные показатели деятельности ЕНПФ по Атырауской области по состоянию на 1 июля 2026 года
    DOCX · 47 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауында тіркелген кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесі

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауында тіркелген кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесі Р/с Кандидаттың аты-жөні Өтетін орыны Өтетін...

    Ақпарат

    Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелік сайлау комиссияларының хабары

    Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелік сайлау комиссияларының хабары № Учаскелік сайлу комиссиясының нөмірі Сайлау учаскесінің ор...

    Ақпарат

    Құрманғазы аудандық aумaқтық сaйлау комиссиясының хабары

    Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес Құрманғ...

    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтері бойынша кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй - жайлардың тізімі

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтері бойынша кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй - жайлардың тізімі № Қала және аудандар Үй-ж...

    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауда кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыруға бөлінген орындар тізбесі

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауда кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыруға бөлінген орындар тізбесі р/с Елді мекендер ата...

    Ақпарат

    Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЫ

    Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес, Құрманғазы...

    Ақпарат

    Көппәтерлі тұрғын үй қорын түгендеу және үйлердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру туралы

    Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады. Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жина...

    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

    Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне[1] енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл...