Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

    Атырау облысы, Құрманғазы ауданының әкімдігі

    Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда:

    БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне [1] енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельдерді өз бетінше таңдау құқықтарын едәуір кеңейтеді. Енді салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.

    Жаңашылдықтардың мақсаты – ең қолайлы инвестициялық стратегиясы мен табыстылық тарихы бар ИПБ-ны таңдау арқылы жинақтарды басқарудың ұзақ мерзімді кірістілігін арттыру.

    Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) салымшылары, сондай-ақ пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ЕЗЖ аударылатын жеке тұлғалар сенімгерлік басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының көлемін өз бетінше айқындауға, бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді таңдауға мүмкіндік алады.

    Таңдау мүмкіндігі арта түседі

    Заңнамаға сәйкес әрбір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, инвестициялар құрылымы және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін (консервативті, теңгерімді және тәуекелі жоғары) ұсына алады. Үш түрлі портфельдің болуы инвестицияларды салымшының жасына және жеке мүдделеріне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Ал жинақтарды бірнеше ИПБ арасында бөлу құқығы олардың табыстылығының ауытқуына тәуелділікті азайтады.

    ИПБ-ның инвестициялық портфельдерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) айқындайды.

    Барлық ақпарат – бір платформада

    Салымшыларға қолайлы болу үшін БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты негізгі ақпаратты біріктіретін invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Платформа табыстылық туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі құрылымдалған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, белгіленген кезеңдер бойынша әртүрлі басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі мен ИПБ-лардың) басқаруындағы инвестициялық портфельдердің көрсеткіштерін динамикада салыстыруға мүмкіндік береді.

    Салымшы инвестициялық портфельдерді бағалап, өзінің мүддесі мен инвестициялық мақсаттарына сәйкес басқарушыны және оның инвестициялық стратегияларын дербес таңдай алады.

    Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға қалай беруге болады?

    Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат етілген инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) тізілімінен басқарушы компанияны таңдауы және өтініш беруі қажет. (Толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға аудару – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде орналастырылған.)

    Өтінішті:

    • kz сайтындағы жеке кабинет арқылы (электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып);
    • жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну арқылы БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде беруге болады.

    Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға беру, бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыру немесе жинақтарды ИПБ-дан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруына қайтару бойынша қадамдық нұсқаулық мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.enpf.kz/kz/services/Invest/22218/.

    Өтініштің орындалу мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинеттен («Өтініштер» бөлімі) қадағалауға болады. Өтініштерді қабылдау және өңдеу үдерісі толық автоматтандырылған. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру өтініш келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде БЖЗҚ арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыруға немесе оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтаруға жинақтар инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі.

    ИПБ басқаруындағы зейнетақы жинақтарын қорғау тетіктері

    Зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерінің кеңеюі салымшының жауапкершілігінің де артуын білдіреді. ИПБ-ны таңдау – салымшының дербес шешімі. Ол ұсынылатын инвестициялық стратегияны, инвестициялық портфельдің құрылымын, тәуекел деңгейін және активтерді басқару нәтижелерін өз бетінше бағалайды.

    Заңнамада зейнетақы жинақтарын қорғаудың кешенді жүйесі көзделген:

    • ИПБ-ның қаржылық жауапкершілігі. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап табыстылықтың эталоны ретінде қолданылатын композиттік индекстер жүйесі енгізілді. Егер инвестициялық портфельдің табыстылығы белгіленген бағдардан төмен болса, басқарушы компания айырманы өз капиталы есебінен салымшыға өтеуге міндетті.
    • Тәуелсіз кастодиан-банк. Барлық активтер кастодиан-банкте (тәуелсіз ірі банкте) сақталады. Ол активтердің заңнама талаптарына сәйкес орналастырылуын бақылайды. Бұл ретте активтер салымшының БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) есепке алынуын жалғастырады және ИПБ-ның меншікті активтерінен бөлек сақталады. ИПБ банкрот болған жағдайда салымшылардың зейнетақы активтері оның міндеттемелерін орындауға пайдаланылмайды.
    • Инвестициялық шектеулер және әртараптандыру. Реттеуші ИПБ инвестициялай алатын қаржы құралдарының тізбесін белгілейді. Олардың қатарына Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары, қазақстандық және шетелдік ұйымдардың үлестік және борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ тиісті кредиттік рейтингі бар екінші деңгейдегі банктер мен бейрезидент-банктердегі салымдар кіреді. Жоғары тәуекелді цифрлық және криптоактивтер бұл тізбеге енгізілмеген, сондықтан зейнетақы жинақтарын оларға инвестициялауға жол берілмейді. Сонымен қатар заңнамада инвестициялау лимиттері белгіленген. Әрбір ИПБ реттеуші талаптарын ескере отырып, өзінің инвестициялық декларациясында басқару стратегиясын дербес айқындайды.
    • Басқарушы компанияларға қойылатын талаптар. Зейнетақы активтерін басқаруға қаржылық тұрғыдан орнықты ИПБ ғана жіберіледі. Ол реттеушінің капитал жеткіліктілігіне, клиенттердің активтерін басқару тәжірибесіне, сондай-ақ ірі акционерінің немесе рейтингі «BBB» деңгейінен төмен емес бейрезидент акционерінің болуына қатысты реттеушінің талаптарына сәйкес келуі тиіс. Зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілген ИПБ-лар тізілімі ҚНРДА мен БЖЗҚ-ның ресми интернет-ресурстарында жарияланған. Қазіргі уақытта зейнетақы активтерін басқару алты компанияның құзыретінде: «Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ [2], «Halyk Finance» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ және «Tansar Capital» АҚ. ИПБ тізілімнен шығарылған жағдайда салымшылардың зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтарылады.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    [1] ҚР Әлеуметтік кодексінің 37-1 бабы, 4-тармағы

    [2] "Halyk Global Markets" АҚ 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу туралы хабарлама жіберді. Осыған байланысты БЖЗҚ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың зейнетақы активтерін оның басқармасына ауыстыру туралы жаңа өтініштерін қабылдамайды.

    Жүктеу
    Пенсионные накопления под вашим контролем: расширяются инвестиционные возможности вкладчиков ЕНПФ
    Пенсионные накопления под вашим контролем: расширяются инвестиционные возможности вкладчиков ЕНПФ
    DOCX · 69 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауында тіркелген кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесі

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауында тіркелген кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесі Р/с Кандидаттың аты-жөні Өтетін орыны Өтетін...

    Ақпарат

    Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелік сайлау комиссияларының хабары

    Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелік сайлау комиссияларының хабары № Учаскелік сайлу комиссиясының нөмірі Сайлау учаскесінің ор...

    Ақпарат

    Құрманғазы аудандық aумaқтық сaйлау комиссиясының хабары

    Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес Құрманғ...

    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтері бойынша кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй - жайлардың тізімі

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтері бойынша кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй - жайлардың тізімі № Қала және аудандар Үй-ж...

    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауда кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыруға бөлінген орындар тізбесі

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Құрманғазы ауданы Кудряшов және Қиғаш ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауда кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыруға бөлінген орындар тізбесі р/с Елді мекендер ата...

    Ақпарат

    Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЫ

    Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес, Құрманғазы...

    Ақпарат

    Көппәтерлі тұрғын үй қорын түгендеу және үйлердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру туралы

    Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады. Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жина...

    Ақпарат

    ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесінің Атырау облысы бойынша 2026 жылғы 1 шілдедегі негізгі көрсеткіштері

    Контакты для СМИ: [email protected] Официальный сайт: www.enpf.kz Facebook, Instagram: enpf.kz ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесінің Атырау облысы бойынша 2026 жылғы 1шілдедегі негізгі көрсеткіштері Жеке зейнетақы жинақтары...