ҚР ҚМ МКК «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ 2023 жылдың 3 наурызынан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан ары-Заң) әрекет етеді.
Заңдағы жеке тұлғалардың қарыз мәселелерін шешуге арналған рәсімдерінің бірі бұл-соттан тыс банкроттық.
Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттығы – бұл бұл азаматтардың борыштарын сотқа жүгінбей есептен шығарудың жеңілдетілген рәсімі.
Соттан тыс банкроттық рәсімін банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы 1 600 АЕК-дан кем борыштар бойынша қолдануға болады (борыш 6,2 млн.теңгеден аспауы керек), егер өтініш берілген күнге қатарынан он екі ай бойы міндеттемелер өтелмеген болса, мүлік жоқ болса. Азаматтардың жекелеген санаттары (әлеуметтік осал, ұзақ мерзімді борышқа батқан тұлғалар) жеңілдетілген тәртіпті пайдалана алады. Бұл ретте заңнамада шектеулер белгіленген: алименттер және өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелер өтеуден босатылмайды. Өтініш электрондық үкімет порталы (eGov.kz.) арқылы ХҚКО-ларда, сондай-ақ e-Salyq Azamat және eGov Mobile мобильді қосымшалары арқылы беріледі.
Рәсім 6 айға созылады, ол аяқталғаннан кейін банкроттың міндеттемелері тоқтатылуға жатады.
Банкрот деп танудың негізгі салдары: берешектерді есептен шығару (ерекшеліктерімен); 5 жыл мерзімге несие алуға тыйым салу; 7 жылдан кейін қайта банкроттық рәсімін қолдану мүмкіндігі; 3 жыл бойы банкротқа мониторинг жүргізу.
03.03.2023 жылдан бастап, яғни заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап 30.03.2026 жылғы жағдай бойынша ШҚО бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға 10 595 өтініш келіп түсті, соттан тыс банкроттық рәсімі арқылы 1 680 азамат банкрот деп танылды.
Жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттығы
Ұқсас материалдар
2026ж. 06 ай мемлекеттік бюджетке нақты түскен салықтар мен түсімдер
БК Кодтары Салықтың (төлемнің) атауы МБ РБ ЖБ Факт Факт Факт 101110 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен – заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы 47 306...
2026 жылғы аудандар бөлігінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық қорына салықтар мен төлемдердің түсімі
қаңтар қаңтар-ақпан қаңтар-наурыз қаңтар-сәуір қаңтар-мамыр қаңтар-маусым қаңтар-шілде қаңтар-тамыз қаңтар-қырқүйек қаңтар-қазан қаңтар-қараша қаңтар-желтоқсан Катонқарағай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы...
2026 жылғы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық қорына салықтар мен төлемдер түрінде салықтар мен төлемдердің түсуі
қаңтар қаңтар-ақпан қаңтар-наурыз қаңтар-сәуір қаңтар-мамыр қаңтар-маусым қаңтар-шілде қаңтар-тамыз қаңтар-қырқүйек қаңтар-қазан қаңтар-қараша қаңтар-желтоқсан Салықтық түсімдер Занды тұлға-мұнай секторы ұйым...
2026 жылы мемлекеттік бюджетке Шығыс Қазақстан облысы бойынша аудандар бөлінісінде түскен салықтар мен түсімдер төлемдері
қаңтар қаңтар-ақпан қаңтар-наурыз қаңтар-сәуір қаңтар-мамыр қаңтар-маусым қаңтар-шілде қаңтар-тамыз қаңтар-қырқүйек қаңтар-қазан қаңтар-қараша қаңтар-желтоқсан Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департам...
Қаржы басқарушылардың тізімі/Қаржы басқарушысы ретінде тағайындауға жататын тұлғалар тізімі
Қаржы басқарушысы ретінде тағайындауға жататын тұлғалар тізімі № р/с Өңір Қаржы басқарушысының аты, тегі, әкесінің аты (бар болған кезде) Қаржы басқарушысының жеке сәйкестендіру нөмірі Қаржы басқарушысы қызметінің баста...