Кандидаттардың ұсынылуқорытындысы туралы хабары
Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2026 жылдың 1 қыркүйек күні Ақтау ауылдық округі әкіміне кандидатураларын ұсыну мақсатында өзін-өзі ұсыну жолымен Буранбаев Азамат Адилбековичтің, Ермуханов Асхат Саиновичтің, Казыева Бибигуль Базарбаевнаның және Хамитов Алмас Темирболатовичтің тиісті құжаттары келіп түсті.
Өзін-өзі ұсынған А.А.Буранбаевтың, А.С.Ермухановтың, Б.Б.Казыеваның, А.Т.Хамитовтың барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданып, ауылдық округ әкіміне кандидаттардың құжаттарын қабылдау туралы актілері жасалды. Кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін және оларды одан әрі кандидат ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіберілді.