Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 4 қыркүйек күні Ақтау ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Ермуханов Асхат Саинович, 1977 жылы туған, Ақшат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Шыңғырлау ауданы, Ақшат ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Казыева Бибигуль Базарбаевна, 1988 жылы туған, Ардақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Шыңғырлау ауданы, Ардақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Хамитов Алмас Темирболатович, 1998 жылы туған, Ақтау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Шыңғырлау ауданы, Ақтау ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы