Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағына сәйкес №409 учаскелік сайлау комиссиясының кейбір комиссия мүшелерінің өкілеттіліктері тоқтатылуына байланысты сайлау комиссиясының құрамына сайлау науқаны кезеңіне уақытша, келесі өзгерістер енгізілгенін хабарлайды:
- №409 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Ниязбаева Айнагуль Конысбаевнаның орнына, Ақтау ауылдық округі әкімі сайлауының науқаны кезеңіне, Мухамбетова Феруза Бахтеровна сайлау комиссиясының уақытша мүшесі болып тағайындалды;
- №409 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Жаксылыкова Нургуль Жоламановнаның орнына, Ақтау ауылдық округі әкімі сайлауының науқаны кезеңіне, Жолдыбаева Айдана Боранбайқызы уақытша сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
- №409 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Хамитов Алмас Темирболатовичтің орнына, Ақтау ауылдық округі әкімі сайлауының науқаны кезеңіне, Жиенбайқызы Мөлдір уақытша сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы