Мемлекет мұқтажы үшін жер
учаскесін мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 81, 84 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 61,62, 62-2, 63 баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Азамат Сарсенбаев Бердихан «Назерке» шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі ұзақ 49 жыл мерзiмге жер пайдалану (жалдау) құқығындағы Атырау облысы, Қызылқоға ауданының Сағыз ауылдық округінің аумағында орналасқан көлемі 1000 (мың) гектар, кадастрлық нөмірі 04-062-021-070 жер учаскесінің 260 гектары «Солтүстік Жантерек» пайдалы қазбалардың кен орнын игеру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- 2027 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей мемлекет мұқтажы үшін жеру часкесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
- Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жеру часкесінің меншік иесі жүгінетін орын: Атырау қаласы, Әйтеке би, 77, «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
- «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Облыс әкіміБ.Ақшолақов