Шортанды ауданының
Бектау ауылдық округінің және
Жолымбет, Шортанды кенттерінің әкімдерін
сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына,
113-1 бабының 1 тармағының 1 және 2 тармақшаларына, 2, 3 және 4 тармақтарына сәйкес, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бектау ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Бектау ауылдық округінің әкімін сайлау 2026 жылғы
4 қазанға тағайындалсын. - Шортанды кенті әкімінің заңда белгіленген өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуынабайланысты, Шортанды кентінің әкімін сайлау 2026 жылғы
4 қазанға тағайындалсын. - Жолымбет кенті әкімінің заңда белгіленген өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуынабайланысты, Жолымбет кентінің әкімін сайлау 2026 жылғы
4 қазанға тағайындалсын. - Сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Шортанды ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық «Shortandy News» газетінде жариялансын.
Аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы М. Атабаев
Аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы А. Дулат