Мемлекеттік қызметші лауазымдық өкілеттілігін объективті орындауда жеке мүддесінің әсер етуіне жол бермеуі қажет.
Мүдделер қайшылығы мемлекеттік қызметші іс-қимылдарға қатысқанда немесе оны алаңдататын не жұмысқа толық кірісуге және қызметті алушыға ізгі ниетті қарым-қатынасқа кедергі келтіретін, не жұмыста қабылдайтын шешімге заңсыз тұрғыда әсер етуі мүмкін оның жеке мүддесі болғанда туындайды.
Мүдделер қайшылығы туындауының потенциалды мүмкіндігі пайда болған жағдайда мемлекеттік қызметші бірден жазбаша түрде өзінің тікелей басшысын туындаған мүдделер қайшылығы немесе оның туындауының мүмкіндігі туралы хабарландыруы қажет.
Өз кезегінде басшылық мүдделер қайшылығы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкілеттілігін орындауды басқа мемлекеттік қызметшіге жүктейді немесе мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкілеттілігін өзгертеді.