2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс бойынша Қолжетімділіктің интерактивті картасына 1575 объект енгізілді. Оның ішінде 1107 объект бейімделген, бұл Қолжетімділік картасына енгізілген объектілердің жалпы санының 70,2%-ын құрайды.
«AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес, 2026 жылы бейімделген объектілердің үлесі Қолжетімділік картасына енгізілген объектілер санының 80%-ын құрауы тиіс.
Департамент тұрақты негізде Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген мәліметтердің дұрыстығына мониторинг жүргізеді.
Негізгі анықталатын кемшіліктер:
- объектілердің ішінара қолжетімділігі;
- объектілер бойынша ақпараттың толық болмауы.
Анықталған кемшіліктер туралы ақпарат Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, сондай-ақ аудандардың жұмыспен қамту бөлімдеріне жолданады.