Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 20 тамыздағы№3/405-1356қаулысы
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
алып қоюғабайланысты жер учаскелерін немесе
өзге дежылжымайтынмүлікті мәжбүрлепиеліктен
шығарудыңбасталуытуралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 21 қаңтар № 36.11-К хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 150 орындық реабилитациялық орталықты салу үшін Алматы қаласы, Алатау ауданы, Монке бидің оңтүстігінде және Ф. Онгарсынова көшесінің шығысында орналасқан 3 (үш) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
- Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 606 кеңсе болып белгіленсін.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
- «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды
Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 20 тамыздағы
№3/405-1356 қаулысына қосымша
Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі
Р/с№ |
Жер учаскесі меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы) |
Кадастрлық нөмірі |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің ауданы, га |
1. |
«Алматы автомобиль-жол колледжі» мекемесі |
20-321-044-014 |
Алатау ауданы, «Ақмаржан» шағынауданы, 11 |
5,5276 |
2. |
«Алматы темір жол көлігі колледжі» білім мекемесі |
20-321-044-007 |
Алатау ауданы, «Ақмаржан» шағынауданы, 11 |
4,4667 |
3. |
Даулетбаева Жанар Тирибосыновна |
20-321-044-216 |
Алатау ауданы, «Алғабас» шағынауданы, Ф.Онгарсынова көшесі, 1/1 |
0,9912 |
_________________________________