Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 12 тамыздағы № 3/405-1273 қаулысы
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару
рәсімін тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 4-тармағына сәйкес, Алматы қаласы Прокуратурасының 2026 жылғы 30 шілдедегі №2-17-26-27697 наразылығын орындау мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жалпы пайдалану объектісі (аумақты абаттандыру) үшін Алматы қаласы, Медеу ауданы, Оспанов көшесінде орналасқан 13 (он үш) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылсын.
- Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 1/1-402 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысының күші жойылсын.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иесін хабардар етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды