Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы20тамыздағы № 3/405-1355қаулысы
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару
рәсімін тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 4-тармағына сәйкес және «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 15 маусымдағы № 56.3-56.03/1116-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жолаушылар және жол көлігін ұйымдастыру үшін «Отау-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла шағынауданы, Сәкен Жүнісов көшесі, 2/4 учаске мекенжайы бойынша орналасқан кадастрлық нөмірі 20-322-001-103, жалпы ауданы 13,4880 га жер учаскесінің ауданы 3,0565 га бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылсын.
- Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 6 мамырдағы №2/195-632 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысы жойылсын.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы комуналдық мемлекеттік кәсіпорны:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иесін хабардар етсін ;
2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды