Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 12 тамыздағы № 3/405-1270 қаулысы
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін
алып қоюғабайланысты жер учаскесін немесе
өзге дежылжымайтынмүлікті мәжбүрлепиеліктен
шығарудыңбасталуытуралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 24.01-24.06/601-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ортақ пайдалану объектісі үшін (аумақты абаттандыру және көгалдандыру), «Oil Real Estate» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Тимирязев көшесі, 119 мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 20-313-013-141, ауданы 0,0389 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
- Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 602 кеңсе болып белгіленсін.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иесін хабардар етсін.
- «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды