«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы
1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының
мәслихаты ШЕШТІ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласында суицидтің алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілсін.
- Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы
мәслихатының төрағасы М. Отыншиев
Алматы қаласы мәслихатының
2026 жылғы 30 шілдедегі
№ 325 шешіміне қосымша
Алматы қаласында суицидтің алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияныңқұрамы
- Алматы қаласы әкімінің қоғамдық денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары, Комиссия төрағасы;
- Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары;
- Алматы қаласы мәслихатының депутаттары (келісім бойынша);
- Алматы қаласы прокурорының орынбасары (келісім бойынша);
- Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша);
- Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша);
- Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі;
- Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі;
- Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі;
- Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі;
- Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі;
- Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі;
- Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі;
- Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі;
- Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы;
- Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;
- Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы;
- Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы;
- Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы;
- Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы;
- Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы;
- Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы;
- Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы;
- Алматы қаласы Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы;
- Алматы қаласы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы;
- «Just Support» қорының атқарушы директоры (келісім бойынша);
- Алматы қаласы психикалық сауықтыру орталығының директоры;
- Алматы қаласы психологиялық қолдау орталығының директоры;
- Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс ересектер бас психиатры;
- Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар бас психиатры;
- Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық қызмет, мониторинг, талдау, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы, Комиссия хатшысы, дауыс беру құқығынсыз.