Алматы қаласында жалпы су пайдалану қағидаларын бекіту туралы

    Алматы қаласы мәслихаты

    Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының
    2) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында жалпы су пайдалану қағидалары бекітілсін.
    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
      он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алматы қаласы
    мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

    Алматы қаласы мәслихатының
    2025 жылғы 7 тамыздағы № 232
    шешімімен бекітілген

    Алматы қаласында ортақ су пайдалану қағидалары

    1. Осы Алматы қаласында ортақ су пайдалану қағидалары
      (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы
      11 шілдедегі № 171-НҚ «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді және Алматы қаласының аумағындағы жалпыға ортақ су обьектілерінде жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану тәртібін айқындайды.
    2. Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.
    3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
    4. Ортақ су пайдалану шеңберінде су обьектілерін пайдалану су обьектілерінің ажырамас бөлігі болып табылатын жария су сервитуты шеңберінде жүзеге асырылады.
    5. Алматы қаласының әкімдігі жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану құқығын іске асыру мақсатында:

    1) су обьектілеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

    2) ортақ су пайдалану су объектілерінде жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды айқындайды;

    3) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су объектілерінің және (немесе) учаскелерінің және іргелес жағалау белдеуінің учаскелерін айқындайды;

    4) халыққа ортақ су пайдалану бойынша орнатылған шектеулер мен тыйымдар туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.

    1. Су объектісіне тікелей қолжетімділік болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қоғамдық сервитут орнатады.
    2. Шектеулер немесе тыйымдар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялануға жатады және су объектілерінің жағалауында арнайы ақпараттық белгілер орнату арқылы танысуға қолжетімді болуға тиіс.
    3. Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін су объектілерін пайдалану санитарлық қорғау аймағынан тыс жерде және суару алаңдары мен су объектілерін ластау мен кірлетудің алдын алатын басқа да құралдар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
    4. Балық шаруашылығы су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, аталмыш су объектісінде көл-тауар шаруашылығын жүргізу құқығы берілген тұлғаларға ұйымдастырылады.
    5. Ортақ су пайдалану объектілерін пайдалану кезінде мыналарға жол берілмейді:

    1) су объектілеріне жеке тұлғалардың қолжетімділігін шектейтін қоршауларды, шлагбаумдарды, тыйым салатын белгілерді және басқа да құралдарды өздігінен орнату;

    2) су объектілерін ластау және кірлету;

    3) шомылуға арналған жерлерде көлікті жуу, киім жуу және жануарларды шомылдыру;

    4) арнайы ақпараттық белгілер орнатылған, ескерту немесе тыйым салу жазулары бар жерлерде шомылу;

    5) осы қағиданың қосымшасында көрсетілген орындарда шомылу;

    6) құрылыс-монтаждау жұмыстары (қайта жаңғырту, жөндеу, абаттандыру) жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жерлерде шомылу;

    7) сел ұстау құрылыстарының, шлюздердің, өзен арналарының габионмен бекітілген немесе тұрақтандырылған учаскелерінің, ағынды сулардың құйылу орындарының және өзге де ластау көздерінің маңында, кемінде 500 метр қашықтықта шомылу;

    8) арнайы ақпараттық белгілерді өздігінен алып тастау, зақымдау немесе жою;

    9) жанармай және майлау материалдарын сақтау;

    10) көлікті жанармаймен қамтамасыз ету, жуу және жөндеу жұмыстарын жүргізу;

    11) су объектілерінде және олардың жанында кәмелетке толмаған балаларды ересектерсіз қалдыру.

    1. Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы, Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы, сондай-ақ Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары су обьектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жағдайы туралы халықты ақпараттандыруды жүзеге асырады.
    2. Ортақ су пайдаланудың қауіпсіздігі мен ұтымдылығын қамтамасыз ету, тыйым салу белгілерінің орнатылуын бақылау және халықты шомылуға тыйым салынған орындар туралы ақпараттандыру бойынша іс-шараларды үйлестіру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ортақ су пайдалану бағдарламасының әкімшісін тағайындайды.

    Алматы қаласының ортақ су пайдалану
    қағидаларына қосымша

    Алматы қаласының аумағындағы орналасқансу объектілерінде шомылуға тыйым салынған орындар

    Су объектісінің атауы

    Су айдынының атауы

    Су объектілеріндегі орындар (мекенжайы, координаттары және басқалары)

    «А» және «Б» нүктелерінің арасындағы қашықтық, метр

    Жалпысудыпайдалануды шектеулері

    «А»

    нүктесі

    «Б» нүктесі

    Алатау ауданы

    1

    Қарғалы өзені

    Бекмұрат су қоймасы

    43.323962° 76.785327°

    43.325255° 76.785378°

    150 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    2

    Көкөзек су қоймасы

    43.310976° 76.771729°

    43.312142° 76.775405°

    43.315444° 76.769264°

    43.316445° 76.773844°

    540 метр

    490 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    3

    Үлкен Алматы өзені

    Үлкен Алматы өзені Райымбек даңғылынан Алматы облысымен шекараға дейін

    43.247911° 76.864185°

    43.329433° 76.876042°

    8000 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    4

    Қарасу өзені

    Қарасу шағын ауданындағы көл

    43.335007° 76.909625°

    43.338178° 76.90958°

    350 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    5

    Тереңқара өзені

    Байбесік шағын ауданындағы тоған

    43.313841° 76.88568°

    43.31692°

    76.88511°

    345 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    Алмалы и Әуэзовауданы

    6

    Үлкен Алматы өзені

    Сайран су қоймасы

    43.233468° 76.870542°

    43.246928° 76.863362°

    Ұзындығы 1700 метр, ені 600 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    Бостандық ауданы

    7

    Үлкен Алматы өзені

    Үлкен Алматы көлі

    43.05694° 76.984066°

    43.045363° 76.986565°

    су объектісінің барлық көлемі

    Шомылуға тыйым салынған

    8

    Үлкен Алматы өзені бөгеттен жоғары

    43.182666° 76.891257°

    43.185044° 76.89085°

    270 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    9

    Үлкен Алматы өзені бөгеттен Абай даңғылына дейін Абай

    43.185147° 76.890949°

    43.232992° 76.87111°

    6000 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    10

    Есентай өзені

    Есентай өзені Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін

    43.220151° 76.9317°

    43.240369° 76.919461°

    3000 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    Жетісу ауданы

    11

    Қарасу өзені

    Кемел шағын ауданындағы Первомай тоғандары

    43.372711° 76.948014°

    43.376264° 76.952887°

    560 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    12

    Есентай өзені

    Есентай өзені Райымбек даңғылынан Волочаевская, 393Б көшесіне дейін,

    43.27217° 76.966728°

    43.293508° 76.973485°

    2500 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    Медеуауданы

    13

    Тереңсай өзені

    Юннатское көлі

    43.206211° 77.014459°

    43.207807° 77.014941°

    180 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    14

    Абылғазы өзені

    Көлсай көлі

    43.209389° 77.000789°

    43.211477° 77.000208°

    240 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    15

    Жарбұлақ өзені

    Тіксай өзені (Тік Алшақтық)

    43.267086° 77.006167°

    43.286427° 76.995163°

    2300 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    16

    Қарасу 8

    43.293754° 76.979108°

    43.295165° 76.980867°

    230 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    17

    Есентай өзені

    Есентай өзені Бейсеуов көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейін

    43.180367° 77.093722°

    43.189328° 77.000443°

    7500 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    18

    Кіші Алматы өзені

    Кіші Алматы өзені «Горельник» сарқырамасынан Әл-Фараби даңғылына дейін

    43.141787° 77.066447°

    43.219776° 76.932195°

    17 000 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    19

    Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы көл

    43.237163, 76.945654

    43.237171, 76.945658

    су объектісінің барлық көлемі

    Шомылуға тыйым салынған

    Наурызбайауданы

    20

    Сапожникова өзені

    Ақсай-Қарғалы каналы

    43.182552° 76.808484°

    43.196687° 76.809102°

    1600 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    Түрксіб ауданы

    21

    Кіші Алматы өзені

    Аэропорт көлі

    43.337257° 76.99022°

    43.341129° 76.99671°

    весь объем

    водного объекта

    Шомылуға тыйым салынған

    22

    Кіші Алматы өзені Рысқұлов даңғылынан Поддубный көшесіне дейін

    43.293818° 76.973559°

    43.33834° 76.990502°

    5200 метр

    Шомылуға тыйым салынған

    23

    Қарасу өзені

    Пархач көлі

    43.295636° 76.969841°

    43.295763° 76.967368°

    весь объем

    водного объекта

    Шомылуға тыйым салынған

    24

    Шестуха

    43.363126° 76.985249°

    43.359108° 76.984649°

    весь объем

    водного объекта

    Шомылуға тыйым салынған

    Жүктеу
    Запрещенные для купания места на водных объектах в городе Алматы
    Запрещенные для купания места на водных объектах в городе Алматы
    PDF · 634 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Алматы қаласының көшелеріне атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес, Алматы қаласы ономастика комиссиясының 2025 жылғы 8 шілдедегі және Республикалық ономастикалық...

    Алматы қаласы мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    «Алматы қаласының Ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 11 тамыздағы № 134 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ: «Алматы қаласының Ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 11 тамыз...

    Алматы қаласы мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Алматы қаласында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ: Қоса беріліп отырған Алматы қаласы...

    Алматы қаласы мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ: Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ал...

    Алматы қаласы мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    «Алматы қаласындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 431 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ: «Алматы қаласындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 431 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемле...

    Алматы қаласы мәслихатыЖарияланды:
    Бағдарлама

    «Алматы қаласын 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар»

    Алматы қаласы мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Алматы қаласының жаңадан құрылған сайлау учаскелерінің учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау және өкілеттік мерзімінің қалған кезеңіне шығып қалған мүшелердің орнына аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...

    Алматы қаласы мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Алматы қаласының жаңадан құрылған сайлау учаскелерінің учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау және өкілеттік мерзімінің қалған кезеңіне шығып қалған мүшелердің орнына аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...

    Алматы қаласы мәслихатыЖарияланды: