Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 29-бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
- Қоса беріліп отырған Алматы қаласының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
- Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы
мәслихатының төрағасы М. Отыншиев
Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 29 маусымдағы № 318 шешімімен бекітілген
Алматы қаласының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
|
№ р/н |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
Болжамды шығыстар(мың теңге) / қосымша көздер (мың теңге) |
Қаржыландыру көзі |
Іс-шарадан күтілетін экологиялық әсер |
Ескерпе | ||
2026жыл |
2027жыл |
2028 жыл |
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
1.Атмосфералық ауаны қорғау | ||||||||||
|
1 |
Алматы |
Есептік ақпарат |
«Самұрық-Энерго» АҚ «АлЭС» АҚ |
2026 ж. |
- |
- |
- |
ЖИ ЖҚ РБ |
Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемін 37 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін азайту. |
|
|
2 |
ЖЭО-3-ті газға көшіру арқылы жаңғырту |
Есептік ақпарат |
«Самұрық-Энерго» АҚ «АлЭС» АҚ |
2026 ж. – бу-газ қондырғысын (БГҚ) іске қосу 2027 ж. – көмірмен жұмыс істейтін станцияны бөлшектеу |
- |
- |
- |
ЖИ ЖҚ РБ |
Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемін 13,9 мың тоннадан 1,6 мың тоннаға дейін азайту. |
|
|
3 |
Алматы қаласының жеке тұрғын үй секторын газдандыру |
Есептік ақпарат |
ЭжСЖБ |
2026-2028жж. |
- |
- |
- |
ЖИ ЖБ |
Газдандырылмаған тұрғын үйлер мен қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту қондырғыларынан атмосфералық ауаға шығарылатын шығарындыларды азайту |
|
|
4 |
Алматы облысының қалаға іргелес аудандарын газдандырылуын мониторингтеу |
Есептік ақпарат |
«НК «QazaqGaz» АҚ |
2026-2028 жж. |
- |
- |
- |
ЖИ ЖБ |
Алматы облысының іргелес аумақтарындағы қатты отынмен жылытылатын жеке тұрғын үй секторынан шығатын шығарындыларды азайту |
|
|
5 |
«Орбита» аудандық қазандықтың 0003 көзінде автоматтандырылған мониторинг жүйесін (АМЖ) орнату |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЭжСЖБ «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС |
2026-2028 жж. |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
ЖБ |
1-санаттағы кәсіпорындардың стационарлық көздерінен атмосфераға шығарындылардың алдын алу, анықтау және олардың көлемін азайту. |
ҚР Экологиялық Кодексінің 186-бабына сәйкес Өндірістік мониторингтің түрлері және оны ұйымдастыру» |
6 |
ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты қаладағы коммуналдық қазандықтарды сұйық отыннан газға көшіру мониторингі |
Есептік ақпарат |
ҚР ҚМ |
2026-2028 жж. |
- |
- |
- |
РБ ЖБ |
Сұйық отынды жағатын нысандардан атмосфераға шығатын ластаушы заттар көлемін 40%-ға азайту. |
Алматы қаласының аумағында сұйық отынды пайдаланатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілері орналасқан |
|
7 |
Қоғамдық тамақтану объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау (кауәпханалар және ұқсас объектілердің сорғыш мұржаларына сүзгілер орнату) мониторинг жүргізу |
Есептік ақпарат |
СЭБД Қоғамдық тамақтану, монша және т.б. оператор-кәсіпорындар |
2026- 2028 жж. |
- |
- |
- |
ЖҚ |
Атмосфералық ауаға шығатын күйе мен ароматты көмірсутектер сияқты зиянды қоспаларды (шамамен 60%) тазартатын сүзгілерді қолдану есебінен атмосфераға шығарындыларды азайту. |
«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары, 37-тармақ; |
|
8 |
Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау қағидаларын іске асыру |
Есептік ақпарат |
ЭжҚОБ «EcoAlmaty» ЖШС |
2026-2028 жж. |
- |
- |
- |
ЖБ РБ ЖИ |
Бекітілген шектеулер есебінен атмосфералық ауаның ластану деңгейін 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 20%-ға төмендету. |
Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын қабылдау белгіленген шектеулерді бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Экологиялық талаптардың орындалуын мониторингтеу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі бірыңғай оператор (ҚР Экология кодексінің 206-бабына сәйкес) 100% мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын «Eco Almaty» ЖШС |
|
9 |
Жеке тұрғын үй құрылыстары, моншалар және т.б. объектілерде қатты отынды жағуға тыйым салудың орындалуын мониторинг жүргізу |
Есептік ақпарат |
ЭжҚОБ «EcoAlmaty» ЖШС СЭБД Алматы қаласы ЭД Алматы қаласы ПД |
2026-2028 жж. |
- |
- |
- |
ЖБ |
Алматы қаласының атмосфералық ауа сапасын жақсарту және атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру жөніндегі 2026–2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (жол картасы) шеңберінде атмосфералық ауаға шығарылатын зиянды заттар шығарындыларын азайту |
Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғаудың қабылданған қағидалары экологиялық зертхананың бұзушылықтарын анықтаған және "EcoAlmaty"ЖШС ҰҰА қолданумен мониторинг жүргізген кезде белгіленген шектеулерді бұзушыларды (ЖТҚ иелері мен заңды тұлғаларды) әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді |
|
10 |
Алматы қаласы автокөлік құралдарының пайдаланылған газдарындағы уыттылық пен түтіндену нормаларының сақталуына мониторинг жүргізі |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЭжҚОБ |
2026-2028 жж. |
601400 |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
ЖБ |
Пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтінділігі бойынша белгіленген нормаларды бұзатын автокөліктер үлесін азайту. |
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 1/191 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлік құралдарының шығарындыларын мониторингтеу қағидаларына сәйкес. 2025 жылы – шартқа сәйкес тәулігіне кемінде 550 автокөлікке өлшеу жүргізу. |
|
11 |
Автокөліктерден шығатын ластануды азайту мақсатында төмен шығарынды аймақтарды ұйымдастыру |
Орындалған жұмыстар актісі |
«Алматы паркинг» ЭжҚОБ «EcoAlmaty» ЖШС |
2027 ж. |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
ЖБ |
Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау қағидалары аясында қала орталығында пайдаланылатын автокөліктер санын қысқарту |
|
12 |
Атмосфералық ауаның жай-күйін бақылауға арналған 3 жиынтық автоматты бақылау станциясын орнату және посттарды күтіп ұстау |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЭжҚОБ «EcoAlmaty» ЖШС |
2026-2028 жж. |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
ЖБ |
Атмосфералық ауаның ластануын жедел анықтау және Алматы қаласының ауа бассейнінің ластану деңгейі бойынша деректердің дәлдігін арттыру. |
Наурызбай, Жетісу және Түрксіб аудандарында орналастыру |
13 |
Алматы қаласында зияткерлік көлік жүйесін енгізу |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЖҚжЖКҰБ |
2027 ж. |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
- |
ЖБ |
Ауаның ластану деңгейін төмендету мақсатында жол қозғалысын оңтайландыру |
|
14 |
Төмен экологиялық кластағы автокөлік құралдарын сатып алу (өтемақы арқылы) бағдарламасын әзірлеу және іске асыру |
Есептік ақпарат |
КжИБ ЭжҚОБ «EcoAlmaty» ЖШС |
2026-2028 жж. |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
ЖБ |
Ластаушы заттардың шығарындыларын азайту |
Қалалық автопаркті жаңарту бағдарламасын іске асыру (оның ішінде қосымша қаржыландыру көздері есебінен). |
15 |
Алматы қаласының коммуналдық және жеке автопарктерінде сыртқы экологиялық рейдтер өткізу |
Рейдтік іс-шараларды өткізу қорытындысы бойынша талдамалық ақпарат (анықтама) |
ЭжҚОБ «EcoAlmaty» ЖШС Алматы қаласы ПД Алматы қаласы ЭД |
2026-2028 жж. |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
ЖБ |
Автопарктердің автокөлік құралдарының уыттылығы мен түтінденуінің белгіленген нормаларын бақылау есебінен ауа ластану деңгейін төмендету (жылына кемінде 1 рет); тәртіпті арттыру және экологиялық көлікке көшуге ынталандыру. |
Іс-шара Алматы қаласы аумағындағы атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының нормаларына сәйкес іске асырылатын болады. |
16 |
Азаматтардың өтініштері бойынша, оның ішінде іштен жану қозғалтқышын (ІЖҚ) ұзақ уақыт қыздыру жағдайларын қоса алғанда, жекелеген автокөлік құралдарының пайдаланылған газдарының уыттылығы мен түтінділігі деңгейіне өлшеу жүргізу |
Өтініштер қорытындысы бойынша талдамалық ақпарат (анықтама) |
ЭжҚОБ «EcoAlmaty» ЖШС Алматы қаласы ПД |
2026-2028 жж. |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
ЖБ |
Құқық бұзушылықтарға жедел ден қою арқылы зиянды заттар шығарындыларын азайту; Азаматтардың экологиялық мәселелерді шешуге қатысу белсенділігін арттыру; Азаматтардан келіп түсетін өтініштердің 100%-ын қарауды қамтамасыз ету . |
Іс-шара Алматы қаласы аумағындағы атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының және Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 1/191 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлік құралдарының шығарындыларын мониторингтеу қағидаларының нормаларына сәйкес іске асырылатын болады. |
17 |
Алматы қаласының коммуналдық және жеке автопарктерінің автокөлік құралдары бойынша ішкі экологиялық бақылау есептерін жинау және талдау |
Тоқсандық және жылдық талдамалық есептер |
ЭжҚОБ «EcoAlmaty» ЖШС |
2026-2028 жж. |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
ЖБ |
Автопарктердің жылжымалы көлік құралдарының экологиялық жай-күйі туралы толық мәлімет қалыптастыру ; сәйкессіздіктерді анықтау және түзету шараларын қабылдау. Коммуналдық автопарктердің 100%-ының есептерін талдау. |
Іс-шара Алматы қаласы аумағындағы атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының нормаларына сәйкес іске асырылатын болады. |
2. Су объектілерін қорғау | ||||||||||
|
1 |
Қаланың техникалық қажеттіліктері үшін кейіннен пайдалану мақсатында еріген және жаңбыр суларын жинау тетіктерін әзірлеу және іске асыру |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЭжҚОБ |
2027 ж. |
- |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
ЖБ |
Орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне түсетін жүктемені 7%-ға дейін азайту. |
|
|
2 |
Ластану фактілері кезінде өзен суларының сапасын мониторингтеу және ықтимал бұзушыларды анықтау |
Есептік ақпарат |
ЭжҚОБ «EcoAlmaty» ЖШС Алматы қаласы Алматы қаласы ЭД СЭБД |
2026-2028 жж. |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
ЖБ |
Жерүсті су объектілерінің ластану жағдайларына 100% жедел әрекет ету. |
|
|
3 |
Кәріздік тазарту құрылыстарында (КТҚ) ең озық қолжетімді технологияларды енгізу (тазарту қондырғыларын қайта жаңарту және жаңғырту) |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЭжСЖБ «Алматы Су» МКК |
2026-2028 жж. |
- |
8265 |
- |
ЖБ |
Ағынды сулар құрамындағы ластаушы заттардың мөлшерін төмендету |
Алматы қаласының шекарасынан 12 км қашықтықта, Алматы облысы Іле ауданында, Жапек батыр ауылының (12 Желтоқсан) оңтүстік-батысында |
4 |
Қалалық кәрізге тазарту қондырғылары бар ағынды суларды ағызатын кәсіпорындарды түгендеу, суды қайта өңдеу жүйелері және ағынды суларды тазартусыз ағызатын кәсіпорындар |
Есептік ақпарат |
ЭжСЖБ «Алматы Су» МКК |
Ай сайын |
Тарифтік смета |
Тарифтік смета |
Тарифтік смета |
Тарифтік смета «Алматы Су» МКК |
Қалалық кәріз-тазарту құрылыстарына (КОС) түсетін ластаушы заттардың көлемін азайту |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 546 бұйрығымен бекітілген елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларын сақтау мониторингі. |
5 |
Шағын, орта және ірі бизнес субъектілерінің айналымды сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану жөніндегі заңнама талаптарын орындауын мониторингтеу |
Есептік ақпарат |
ЭжСЖБ «Алматы Су» МКК » |
Ай сайын |
Тарифтік смета |
Тарифтік смета |
Тарифтік смета |
Тарифтік смета «Алматы Су» МКК |
Айналмалы сумен жабдықтау негізінде су пайдаланудың орнықты әрі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз схемаларына көшу |
|
6 |
Алматы қаласының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін әзірлеу және бекіту |
Әкімдік қаулысы |
АжҚҚБ |
2026-2027 жж. |
547 352, 678 |
- |
- |
- |
ҚР Су кодексінің 85-бабына сәйкес жобалық құжаттама бассейндік су инспекциясымен, қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдармен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, ал сел қаупі бар аудандарда – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісуге жатады. | |
3. Жағалау және су экожүйелеріне әсерден қорғау | ||||||||||
1 |
Әл-Фараби даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі Есентай өзені арнасының жекелеген учаскелеріне күрделі жөндеу жүргізу, су қорғау жолағын абаттандырумен бірге (ЖСҚ және іске асыру) |
Орындалған жұмыстар актісі |
ҚКДБ |
2026 ж. |
3 000 000 |
- |
- |
ЖБ |
Есентай өзені арнасының жекелеген учаскелеріне күрделі жөндеу жүргізу, іргелес аумақты абаттандырумен бірге – 7,5 км. |
|
|
2 |
Қала аумағындағы гидротехникалық құрылыстарымен бірге Қонаев атындағы ҮАК-на күрделі жөндеу жүргізу бойынша ЖСҚ-ны іске асыру |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЭжҚОБ |
2026 ж. |
5 173 493 |
- |
ЖБ |
Қонаев атындағы ҮАК-на (23,1 км) күрделі жөндеу жұмыстары |
||
|
3 |
«Жандосов көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі Қарғалы өзені арнасының жекелеген учаскелерін реконструкциялау» жобасы бойынша ЖСҚ-ны іске асыру |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЭжҚОБ |
2026 ж. |
3 048 878 |
- |
- |
ЖБ |
Қарғалы өзенінің жалпы ұзындығы 6,7 км болатын учаскелерін реконструкциялау. |
|
|
4 |
Алматы қаласындағы Кіші Алматы өзенінің арнасының Рысқұлов даңғылынан Аэропорт көліне дейінгі жекелеген учаскелерін реконструкциялау және су қорғау белдеуін абаттандыру |
Мемлекеттік сараптама қорытындысы |
ЭжҚОБ |
2026-2028 жж. |
3 500 000 |
5 500 000 |
- |
ЖБ |
Жалпы ұзындығы 10 км Кіші (Малая) Алматы өзенінің учаскелерін реконструкциялау, Аэропорт көлінің түбіндегі лайлы шөгінділерді механикалық жолмен тазарту және оған іргелес аумақты абаттандыру |
|
5 |
Алматы қаласының батыс және шығыс бөліктерінде арық желілерін салу және реконструкциялау |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЭжҚОБ |
2026 ж. |
6 228 850 |
- |
- |
ЖБ |
Жалпы ұзындығы 123,3 км болатын арық желілерін салу және реконструкциялау. |
|
6 |
Су ресурстарын кешенді және ұтымды пайдалану жөніндегі бас жоспарды іске асыруға арналған Жол картасы іс-шараларын орындау |
Орындалған жұмыстар актісі. |
ЭжҚОБ |
2026-2028 жж. |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
ЖБ РБ |
Су ресурстарын кешенді және ұтымды пайдалану жөніндегі Бас жоспарды іске асыруға арналған Жол картасы іс-шараларының орындалуы. |
|
4. Жер қойнауын қорғау | ||||||||||
|
1 |
Алматы қаласы аумағында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының сақталуын мониторингтеу |
Есептік ақпарат |
КжИБ ЖҚБ ЭжҚОБ БАБИ «Южказнедра» АБ |
2026-2028 жж. |
- |
- |
- |
ЖБ |
Жер қойнауын қорғау. |
|
5.Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау | ||||||||||
|
1 |
Алматы қаласы аумағындағы жасыл желектерді түгендеу және орман-патологиялық тексеру жүргізу, дендрологиялық жоспар әзірлеу |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЭжҚОБ |
2026 ж. |
330 000 |
- |
- |
ЖБ |
Қолданыстағы жасыл желектердің кемінде 90%-ы бойынша ақпаратты жаңарту және нақтылау. |
|
|
2 |
Қаланың аумағын көгалдандыру, ауруханалар, мектептер, балалар мекемелері маңындағы және босатылатын аумақтарда, эрозияға ұшыраған және басқа да қолайсыз экологиялық факторларға бейім жерлерде жасыл желектер аумағын ұлғайту |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЭжҚОБ |
2026-2028 жж. |
8 963 876 |
- |
- |
ЖБ |
Жасыл желектер аумағын ұлғайту, көгалдандырудағы диспропорцияны жою және нормативтік көрсеткіштерге қол жеткізу: жыл сайын 320 000 дана ағаш отырғызу, 198 мың шаршы метр гүлзарлар салу. |
|
|
3 |
Өсімдіктерді қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЭжҚОБ |
2026-2028 жж. |
770 540 |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
ЖБ |
Кемінде 2,5 млн ағашты зиянкестерге қарсы өңдеу. Жасыл қордың жағдайын жақсарту |
|
6. Қалдықтармен жұмыс істеу | ||||||||||
|
1 |
Алматы қаласының қалдықтарды басқару қағидаларын әзірлеу және мәслихат шешімімен бекіту, қағидаларды енгізу |
Есептік ақпарат |
ЭжҚОБ |
2026 ж. |
- |
- |
- |
ЖБ |
Қалдықтармен жұмыс істеу саласын құқықтық реттеу. Қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын енгізу есебінен қалдықтарды көму көлемін қысқарту. |
|
|
2 |
Қайта өңделетін шикізатты қабылдаудың кешенді пункттерін (экостанциялар) орнату |
Есептік ақпарат |
ЭжҚОБ Аудан әкімдіктері Инвестор |
2026 ж. |
50 000 |
- |
- |
ЖИ ЖБ |
Қалдықтарды бөлек жинауды енгізу. Экологиялық хабардарлықты және азаматтардың қатысуын арттыру – бастапқы кезеңде қызмет көрсетілетін аудандар тұрғындарының кемінде 3–5%-ының қатысуын қамтамасыз ету. |
|
|
3 |
Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығару және кәдеге жаратуға жедел бақылау жүргізу үшін диспетчерлік пункт құру |
Есептік ақпарат |
ЭжҚОБ «EcoAlmaty» ЖШС |
2026-2028 жж. |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
ЖБ ЖИ |
Қалдықтарды шығару қызметтерімен қамтылған аймақтарда қоқысты уақытында шығармау жағдайларын кемінде 10%-ға азайту. |
Қалалық аумақтардың санитарлық жағдайын жақсарту, қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) рұқсатсыз үйінділерінің пайда болуына жол бермеу. |
7.Радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік | ||||||||||
|
1 |
Қаланың экожүйе жағдайын мониторингтеу |
Есептік ақпарат |
Алматы қаласы ЭД СЭБД |
2026-2028 жж. |
- |
- |
- |
ЖБ |
Қоршаған ортаның физикалық факторларының жай-күйін мониторингтеу. |
|
8.Басқару жүйелерін және ең озық қауіпсіз технологияларды енгізу | ||||||||||
|
1 |
Суармалаудың кешенді сызбасын басқару жүйесін әзірлеу және енгізу |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЭжҚОБ |
2026-2028 жж. |
450 000 |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
ЖБ |
Жерүсті су ресурстарын ұтымды басқару үшін гидроучаске ұйымдастыру. |
|
9.Ғылыми-зерттеу,іздестіру және басқа да әзірлемелер | ||||||||||
1 |
Алматы қаласы үшін қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштерін әзірлеу және зерттеулер жүргізу |
Мәслихат шешімі |
ЭжҚОБ |
2026 ж. |
18 189 |
- |
- |
ЖБ |
Алматы қаласының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу, 2026–2030 жылдарға арналған нысаналы көрсеткіштерді белгілеу және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу |
|
2 |
Қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу мониторингін жүргізу |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЭжҚОБ |
2026-2028 жж. |
80 022 |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
ЖБ |
Іске асырылып жатқан іс-шаралардың экологиялық тиімділігін талдау үшін мониторинг жүргізу. |
|
3 |
Алматы қаласының табиғи ортасының экологиялық жай-күйін мониторингтеу |
Орындалған жұмыстар актісі |
ЭжҚОБ «EcoAlmaty» ЖШС |
2026-2028 жж. |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
Смета бойынша |
ЖБ |
Ластанудың алдын алу, табиғи орталардың экологиялық жай-күйін бақылау және мониторингтеу. |
Атмосфералық ауа, жерүсті су объектілері, жасыл желектер, қалдықтарды басқару; ГАЖ-карталар мен ақпараттық жүйелерді (АЖ) өзектендіру. |
4 |
I және II санаттағы экономика секторлары үшін (I санаттағы ТОП-50 кәсіпорындарын қоспағанда) кешенді технологиялық аудиттен өту |
Аудит нәтижелері бойынша жиынтық талдамалық есеп |
Алматы қаласы ЭД Ең озық қолжетімді техникалар бюросы; |
2026-2028 жж. |
- |
- |
- |
РБ |
Экологиялық тұрғыдан тиімсіз технологияларды анықтау және жою; КЭР (кешенді экологиялық рұқсат) алуға арналған базаны дайындау; экологиялық тиімділікті арттыру. |
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 775 қаулысымен бекітілген Ең озық қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, қолдану, мониторингтеу және қайта қарау қағидаларын іске асыру. |
5 |
I және II санаттағы экономика секторлары үшін ЕҚТ (ең озық қолжетімді технологиялар) бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, I санаттағы ТОП-50 кәсіпорнын қоспағанда |
Тиісті экономика секторы бойынша ЕҚТ (ең озық қолжетімді технологиялар) анықтамалығы |
Алматы қаласы ЭД Ең озық қолжетімді техникалар бюросы |
2026-2028 жж. |
- |
- |
- |
РБ |
КЭР-ға көшу және ЕҚТ-ны енгізу үшін әдістемелік және нормативтік базаны қамтамасыз ету; техногендік жүктемені азайту. |
|
Барлығы: |
28 664 359,678 |
8265 |
||||||||
|
Алматы қаласы ЭД – Алматы қаласы бойынша Экология департаменті Алматы қаласы ПД – Алматы қаласы Полиция департаменті СЭБД – Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті БАБИ-Балқаш-Алакөл бассейндік инспекция ҚР ҚМ – Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі «Южказнедра» АБ - «Южказнедра» аумақтық басқармасы Аудан әкімдіктері – Алматы қаласының аудан әкімдіктері ЖҚБ-Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы СжҚҚБ – Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы ЖДАжАҚБ – Алматы қаласы Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы ЭжҚОБ – Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы КжИБ- Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ҚКДБ -Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы ЖҚжЖКҰБ - Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы ЭжСЖБ - Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы ҚМ- қолайсыз метеожағдайлар | ||||||||||