Төрағалық етті – С.А. Баймурзина, ҚК төрайымы
Қатысқандар: Н.А. Аслиева, И.А. Бекмухамбетова, А.А. Ворожеев, Е.А. Запорожану, Б.А. Сапарова, Б.А. Умертаев, З.А. Шашкова
Шақырылғандар:
Д.А. Бектыбаева – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ басшысы
А.Е. Ахметова – Федоров ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры
Күн тәртібі:
- 2026 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы.
(ақпарат. Д.А. Бектыбаева)
- Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы.
(ақпарат. А.Е. Ахметова)
Тыңдалды: Д.А. Бектыбаева – 2026 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы (ақпарат қоса беріледі).
«Жазғы науқан – 2026» «Қызықты демалыстар мектебі» бірыңғай атауымен өтетіні, жазғы демалыспен қамту 100% құрайтыны атап өтілді.
Сөз сөйлеген: С.А. Баймурзина, Н.А. Аслиева, Е.А. Запорожану
Шешім қабылданды:
- Д.А. Бектыбаеваның «2026 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
- Білім беру ұйымдарына:
- санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын, балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуды, су айдындарында балалардың қаза болуына жол бермеуді бақылауда ұстау;
- ата-аналардың қырағылығын арттыру мақсатында WhatsApp-тың ата-аналар чаттарына және басқа да мессенджерлерге балалардың қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын үнемі жариялау, сондай-ақ сайттар мен әлеуметтік желілерде орналастыру ұсынылсын.
Тыңдалды: А.Е. Ахметова – Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы (ақпарат қоса беріледі).
Сөз сөйлеген: С.А. Баймурзина, Н.А. Аслиева, Е.А. Запорожану
Шешім қабылданды:
- А.Е. Ахметованың «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
- Федоров ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не әлеуметтік желілерде, БАҚ-та, ЖРО-ның ресми аккаунттары арқылы өз қызметін (жұмысқа орналастыру, жастарды мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жағымсыз құбылыстардың алдын алу, еріктілік, «Жасыл ел» еңбек жасағының қызметі, жастар бастамалары және өткізілетін іс-шаралар туралы материалдарды) жариялай отырып, барлық бағыттар бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылсын.
Федоров ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина