Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.
Б.Е. Исенгазин
Қайырлы күн!
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде.
11 депутаттан сессияға 8 қатысып отыр, қалған депутаттар дәлелді себептер бойынша қатыспады. Кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тәуба Қайыржанұлы Исабаев қатысып отыр.
Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңестің, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.
Күн тәртібіне мынадай мәселелер ұсынылады:
- 1. Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Аудандық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Күн тәртібін бекітуді ұсынамын.
Басқа ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Егер басқа ұсыныстарыңыз болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.
«Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бірінші мәселе бойынша сөз «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Светлана Франковна Завощенкоға беріледі (баяндамасы сессия хаттамасына қоса беріледі).
/С.Ф. Завощенконың сөзі/
Б.Е. Исенгазин
Светлана Франковнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.
Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.
Күн тәртібінің келесі мәселесі – Аудандық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы.
Құрметті депутаттар, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабы 1-тармағының 5-3) тармақшасына сәйкес бізге жер комиссиясы туралы ережені және келесі құрамдағы комиссияны бекіту қажет:
Капсултанов Джанибек Серикович |
- Федоров ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; |
Шматко Антон Игоревич |
- «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары; |
Карабаева Нурбике Аскаровна |
- «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы. |
Комиссия мүшелері: |
|
Баймурзина Сауле Арстановна |
- Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің өкілі; |
Бублик Владимир Владимирович |
- «Жастар» шаруа қожалығының басшысы; |
Волоткевич Татьяна Марковна |
- Федоров ауылдық округі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органының өкілі; |
Дильдабеков Аманжол Биримжанович |
- «Акулов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры; |
Исенгазин Берик Ескендирович |
- Федоров аудандық мәслихатының депутаты; |
Костенко Лидия Николаевна |
- Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Федоров ауданындағы филиалының директоры; |
Муканов Куаныш Асылбекович |
- «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы; |
Мырзахметов Адиль Маратович |
- «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы; |
Салпенова Айнур Толепбергеновна |
- «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. |
Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Аудандық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.
Күн тәртібінің соңғы мәселесі – Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес № 8 округтік сайлау комиссиясының мүшесі ретінде Валентина Васильевна Криволапованы сайлау қажет.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бар ма? Жоқ.
Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.
Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.
Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Сессия жабық деп жарияланады.
Жұмыстарыңыз үшін рақмет.
Федоров аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин