Төрағалық етті – С.А. Баймурзина, ҚК төрайымы
Қатысқандар: Н.А. Аслиева, И.А. Бекмухамбетова, А.А. Ворожеев, Б.А. Сапарова, Б.А. Умертаев, З.А. Шашкова
Шақырылғандар:
А.Е. Ахметова – Федоров ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры
Ж.Ж. Айменов – «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы
А.О. Каракпаева – «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ басшысының міндетін атқарушы
Т.С. Репринцева – «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру бөлімінің басшысы
Күн тәртібі:
- Федоров ауданы аумағында «Жасыл ел» еңбек жасағы қызметінің іске асырылу барысы мен нәтижелері туралы.
(ақпарат. А.Е. Ахметова)
- Федоров ауданының кітапхана жүйесіндегі аудан жастарымен жұмыс туралы.
(ақпарат. А.О. Каракпаева)
- Федоров ауданындағы жолдарды жөндеу жөніндегі 2026 жылға арналған бағдарламаның орындалу барысы туралы (мониторинг қорытындылары).
(ақпарат. Ж.Ж. Айменов)
Тыңдалды: А.Е. Ахметова – Федоров ауданы аумағында «Жасыл ел» еңбек жасағы қызметінің іске асырылу барысы мен нәтижелері туралы (ақпарат қоса беріледі).
Сөз сөйлеген: С.А. Баймурзина, З.А. Шашкова
Шешім қабылданды:
- А.Е. Ахметованың «Федоров ауданы аумағында «Жасыл ел» еңбек жасағы қызметінің іске асырылу барысы мен нәтижелері туралы» ақпараты мақұлдансын және мәліметке алынсын.
- Жастар ресурстық орталығына «Жасыл ел» жастар жасағының жұмысы бойынша тұрақты мониторинг жүргізу, «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңыздылығы мен орындалуы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
Тыңдалды: А.О. Каракпаева – Федоров ауданының кітапхана жүйесіндегі аудан жастарымен жұмыс туралы (ақпарат қоса беріледі).
Сөз сөйлеген: А.А. Ворожеев, И.А. Бекмухамбетова
Шешім қабылданды:
- А.О. Каракпаеваның «Федоров ауданының кітапхана жүйесіндегі аудан жастарымен жұмыс туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
- Туған өлкенің тарихын зерделеу жұмысы жалғастырылсын.
- Ауылдардың аға буынымен заманауи технологияларды, компьютерді үйрену бойынша курстар ұйымдастырылсын, осы жұмысқа жастар тартылсын.
Тыңдалды: Ж.Ж. Айменов – Федоров ауданындағы жолдарды жөндеу жөніндегі 2026 жылға арналған бағдарламаның орындалу барысы туралы (ақпарат қоса беріледі).
Сөз сөйлеген: Б.А. Умертаев, С.А. Баймурзина
Шешім қабылданды:
- Ж.Ж. Айменовтің «Федоров ауданындағы жолдарды жөндеу жөніндегі 2026 жылға арналған бағдарламаның орындалу барысы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
- Жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін оның сапасына мониторинг жүргізу жалғастырылсын.
Федоров ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина