Аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Елена Александровна Запорожану тұрақты комиссияның отырысын ашады және жүргізеді.
Е.А. Запорожану
Қайырлы күн құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Бүгін аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізілуде.
Комиссия жұмысына Федоров ауданы әкімінің орынбасары, ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мер бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр.
Күн тәртібіндегі мәселе: Федоров ауданында жұмыссыздықтың алдын алу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі тиімді шаралар туралы.
Сөз Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қостанай облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Федоров ауданының Мансап орталығы» филиалының басшысы Алексей Дмитриевич Куантаевқа беріледі (баяндама комиссияның хаттамасына қоса беріледі).
/А.Д. Куантаевтың сөзі/
Е.А. Запорожану
Алексей Дмитриевичке сұрақтарыңыз бола ма?
А.С. Резник
Ағымдағы жылы жұмыс орындарына квота қарастырылған ба?
А.Д. Куантаев
Ағымдағы жылы жұмысқа орналасуға үш квота қарастырылған. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар үшін екі квота қарастырылған. Бүгінгі таңда екі квота да орындалды – «Водстрой» МКК-на екі адам жұмысқа орналастырылды. Мүгедектігі бар адамдар үшін 1 квота қарастырылған, ол да орындалды. Бұл квота бойынша «Промбаза-7» ЖШС-не бір адам жұмысқа орналастырылды.
Е.А. Запорожану
Айтыңызшы, ағымдағы жылға арналған гранттар қандай мөлшерде көзделген?
А.Д. Куантаев
Ағымдағы жылы гранттар 1 млн. 730 мың теңге көлемінде көзделген.
Е.А. Запорожану
2025 жылы қанша азамат грант алды және қазір олардың қызметі қалай?
А.Д. Куантаев
Өткен жылы жалпы сомасы 15 млн. 600 мың теңгеге 10 азамат грант алды.
Шартқа сәйкес олардың қызметіне біз жыл бойы мониторинг жүргіземіз. Грант алушылар бізге тоқсан сайын фотосуреттерді қоса отырып, есептік ақпаратты және салық органдарынан ЖК жұмыс істейтіндігі туралы растау қағазын ұсынады.
Е.А. Запорожану
Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Құрметті комиссия отырысына қатысушылар талқыланған мәселе бойынша біз қаулы қабылдауымыз керек, келесі жобаны ұсынамын:
- «Федоров ауданының Мансап орталығы» филиалының басшысы А.Д. Қуантаевтың «Федоров ауданында жұмыссыздықтың алдын алу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі тиімді шаралар туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
- Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қостанай облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Федоров ауданының Мансап орталығы» филиалына:
- халықты жұмыспен қамтуды арттыру және жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді және қосымша шараларын іске асыру, мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты жалғастыру;
- жұмыс тәжірибесі жоқ түлектерді жұмыспен қамту деңгейін арттыру мақсатында белгіленген жоспарлы көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз ете отырып, «Жастар практикасы» жобасын іске асыруды жалғастыру;
- білім алушылар мен жастардың әлеуметтік кәсіптік бағдарлануы, түлектердің және мамандық таңдауда қиындықтарға тап болған адамдардың кәсіби өзанықталымы бойынша жұмысты жүргізу;
- әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында өзекті ақпаратты тұрақты орналастыруды қамтамасыз ете отырып, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыру ұсынылсын.
- Ауылдық округтердің әкімдеріне Федоров ауданының Мансап орталығымен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды жұмысқа орналастыру шараларын іске асыру мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету ұсынылсын.
- Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Федоров ауданындағы филиалына жұмыс берушілермен олардың халықты жұмыспен қамтуға қатысу мәселелері бойынша консультативтік-түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
- Осы қаулының орындалуы туралы ақпарат 2027 жылғы 1 сәуірге қарай аудандық мәслихатқа ұсынылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Осы қаулы бойынша ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.
Тұрақты комиссияның «Федоров ауданында жұмыссыздықтың алдын алу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі тиімді шаралар туралы» қаулысы комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
Құрметті отырысқа қатысушылар осымен комиссия өз жұмысын аяқтайды.
Жұмыс үшін барлықтарыңызға рахмет.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымы Е. Запорожану