Төрағалық етті – С.А. Баймурзина, ҚК төрайымы
Қатысқандар: Н.А. Аслиева, А.А. Ворожеев, Е.А. Запорожану, А.С. Мырзахметова, Б.А. Сапарова, Қ.С. Сейткереева, Б.А. Умертаев, З.А. Шашкова
Шақырылғандар:
Темирлан Сатанович Дощанов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы
Динара Абдыкаримовна Бектыбаева – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ басшысы
Гульшат Бекболатовна Умертаева – «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметінің басшысы
Күн тәртібі:
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің 2026 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
(ақпарат. Т.С. Дощанов)
- Білім беру объектілерінің 2026-2027 оқу жылының басына дайындығы туралы, «Мектепке жол» акциясының нәтижелері.
(ақпарат. Д.А. Бектыбаева)
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссияның жұмысы туралы.
(ақпарат. Қ.С. Сейткереева)
Тыңдалды: Т.С. Дощанов – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің 2026 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (ақпарат қоса беріледі).
Сөз сөйлеген: С.А. Баймурзина, Б.А. Умертаев, Н.А. Аслиева
Шешім қабылданды:
- Т.С. Дощановтың «ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің 2026 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» ақпараты назарға және орындауға алынсын.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесінде мынадай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі жұмыс жалғастырылсын:
- негізсіз бас тарту, мерзімдерді бұзу, талаптарды іріктеп қолдану, ашық кезектілік, ЭЦҚ-ны заңсыз қолдану, немқұрайлы ішкі бақылау.
Тыңдалды: Д.А. Бектыбаева – Білім беру объектілерінің 2026-2027 оқу жылының басына дайындығы туралы, «Мектепке жол» акциясының нәтижелері (ақпарат қоса беріледі).
Сөз сөйлеген: Қ.С. Сейткереева, С.А. Баймурзина, Е.А. Запорожану
Шешім қабылданды:
- Д.А. Бектыбаеваның «Білім беру объектілерінің 2026-2027 оқу жылының басына дайындығы туралы, «Мектепке жол» акциясының нәтижелері» ақпараты мәліметке алынсын.
- Қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық ұйымдармен, аудан мектептерімен бірлесіп тұрақты түрде мониторингтер жүргізсін, 2 жылдық жоспарға сәйкес Кеңарал жалпы білім беретін мектебін жөндеу жұмыстары 2027 жылы аяқталсын.
- Оқушыларды мектептерге, интернаттарға уақтылы тасымалдауға ерекше назар аударылсын.
Тыңдалды: Қ.С. Сейткереева – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссияның жұмысы туралы.
Сөз сөйлеген: Б.А. Умертаев, З.А. Шашкова, С.А. Баймурзина
Шешім қабылданды:
- Қ.С. Сейткерееванің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссияның жұмысы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында үнемі білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенін жүргізу ұсынылсын.
Федоров ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина