Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясы отырысының 2026 жылғы 20 шілдедегі хаттамасы

    ·

    Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

    Б.Е. Исенгазин

    Қайырлы күн!

    Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде.

    11 депутаттан сессияға 8 қатысып отыр, қалған депутаттар дәлелді себептер бойынша қатыспады. Кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

    Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылды.

    Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.

    Күн тәртібіне мынадай мәселелер ұсынылады:

    1. Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы.
    2. Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 167 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
    3. Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 67 «Федоров ауданы әкімінің жанындағы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
    4. Мәслихаттың 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 152 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

    Күн тәртібін бекітуді ұсынамын.

    Басқа ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

    Егер басқа ұсыныстарыңыз болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

    Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

    «Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

    Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.

    «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» бірінші мәселе бойынша сөз «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы міндетін атқарушы Мелания Александровна Кирилловаға беріледі (баяндамасы сессия хаттамасына қоса беріледі).

    /М.А. Кириллованың сөзі/

    Б.Е. Исенгазин

    Мелания Александровнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

    Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

    Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.

    Дауыс беруіңізді сұраймын.

    Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

    «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

    Күн тәртібінің келесі мәселесі – Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 167 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бізге арнайы комиссияның құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:

    1) комиссияның мүшелері болып енгізілсін: Айнур Толепбергеновна Салпенова – «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

    2) С.А. Баймурзина шығарылсын.

    Құрметті депутаттар, шешім жобасы бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.

    Дауыс беруіңізді сұраймын.

    Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

    «Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 167 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

    Келесі мәселе – Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 67 «Федоров ауданы әкімінің жанындағы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

    Кадрлық өзгерістерге байланысты арнайы комиссияның құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:

    1) төрағаның орынбасары болып енгізілсін: Олжас Серікбайұлы Ақанбет – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі жұмылдыру бөлімшесінің бастығы;

    2) Ж.К. Кеңестаев шығарылсын.

    Құрметті депутаттар, шешім жобасы бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.

    Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

    Кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

    «Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 67 «Федоров ауданы әкімінің жанындағы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

    Күн тәртібінің соңғы мәселесі – Мәслихаттың 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 152 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

    Кадрлық өзгерістерге байланысты Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын жаңа редакцияда жазу керек.

    Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар, ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.

    Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

    Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

    «Мәслихаттың 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 152 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

    Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

    Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

    Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

    Сессия жабық деп жарияланады.

    Жұмыстарыңыз үшін рақмет.

    Федоров аудандық

    мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин

    Жүктеу
    a2be723594eb2e6620af933a07129d76_original.30539.docx
    Протокол заседания внеочередной сессии Федоровского районного маслихата восьмого созыва от 20 июля 2026 года
    DOCX · 30 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    Сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы хабарлама

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, Федоров аудандық мәслихаты шығып кеткеннің орнына № 813, 836, 846 сайлау учаскелері бойынша учаске...

    Жарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 29 маусымдағы № 78 қаулы

    Федоров ауданында жұмыссыздықтың алдын алу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі тиімді шаралар туралы Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Федоров ауданының Мансап ортал...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысының 2026 жылғы 29 маусымдағы хаттамасы

    Аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Елена Александровна Запорожану тұрақты комиссияның отырысын ашады және жүргізеді. Е.А. Запорожану Қайырлы күн құрметт...

    Жарияланды:
    Шешім

    "Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2026 жылғы 29 маусымдағы № 258 шешім

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: № 8 округтік сайлау комиссиясының мүшесі болып сайлансын: Орналасқан...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясы отырысының 2026 жылғы 29 маусымдағы хаттамасы

    Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді. Б.Е. Исенгазин Қайырлы күн! Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде. 11 депутаттан сессияғ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың IІІ-тоқсанында «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ-де азаматтарды қабылдау кестесі

    Лауазымы Т.А.Ә. Қабылдау күні мен уақыты Мекенжайы Федоров аудандық мәслихатының төрағасыФедоров аудандық мәслихатының төрағасымәслихатының төрағасы Исенгазин Берик ЕскендировичИсенгазин Берик ЕскендировичБерик Ескендиро...

    Жарияланды:
    Шешім

    О внесении изменений в решение маслихата от 26 декабря 2025 года № 219 "О районном бюджете Федоровского района на 2026-2028 годы"

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар паспорттары туралы агрегирленген жиынтық ақпарат 112 ГУ "Аппарат Федоровского районного маслихата"

    Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларына 3-қосымша нысан Бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар паспорттары туралы агрегирленген жиынтық ақпарат 112 ГУ "Аппарат Федоровского районного маслих...

    Жарияланды: