Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

    ·

    Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды.

    Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды интеллект технологияларын, роботтандыру мен процестерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып цифрлық қызметтерді дамыту көзделген. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасының заманауи стандарттарын енгізу арқылы клиенттік тәжірибені жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады.

    «Себебі жаңа технологиялар мен заманауи үрдістерді уақытында меңгеру өте маңызды.Біздің мақсатымыз - тек жақсы тәжірибемен танысу емес, олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап, Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бейімдеу. Сонымен қатар бұл - өзара тиімді серіктестік. Бүгінде Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі. Сондықтан біз халықаралық тәжірибені үйреніп қана қоймай, өз жетістіктерімізбен де бөлісуге дайынбыз», - деп атап өтті мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

    Меморандум кадрлық әлеуетті дамыту бағытындағы ынтымақтастықты да қамтиды. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, сондай-ақ тағылымдамалар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу және талдамалық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

    «Бұл сапар біз үшін ерекше маңызға ие. Себебі ол жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою өзара ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастап, жүйелі әріптестіктің негізін қалайды», - деді Грузияның Әділет үйінің төрағасы Вахтанг Жвания.

    Айта кетейік, екі күндік сапар аясында қазақстандық делегация Грузияның Әділет үйінде болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен, қолданыстағы цифрлық шешімдермен және клиенттер ағынын басқару жүйесімен танысты. Сондай-ақ Грузия Ішкі істер министрлігінің Сервистік агенттігі мен Грузия Әділет оқу орталығында кездесулер өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастықтың дамуын талқылады.

    Жүктеу
    Казахстан и Грузия: партнерство в сфере государственных услуг
    Казахстан и Грузия: партнерство в сфере государственных услуг
    DOCX · 564 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Степногорск қаласының 2026 жылғы 1 жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы

    Степногорск қаласының 2026 жылғы 1 жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Өнеркәсіп 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өндірілген өнім көлемі 399,5 млрд.теңгені құрады...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады? Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктері...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

    Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Қазақстан азаматтары тиісті сайлау учаскелерінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

    Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган ж...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    № 1 Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    № 1 Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Құрылтай депутаттары бес жыл мерзімге сайланады. Құрылтайдың құрамы...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссия отырысының хаттамасы 13 шілде 2026 жыл

    Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссия отырысының хаттамасы Степногорск қ. № 7 13 шілде 2026 жыл Төрағалық етті: Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Д. Оспанов...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    № 4 Қазақстан Республикасының сайлау учаскелерінен тыс жерде дауыс беру

    № 4 Қазақстан Республикасының сайлау учаскелерінен тыс жерде дауыс беру 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себ...

    Жарияланды: