«Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

    «Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына өзгерістер ментолықтыруларенгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде:

    1-бөлімнің:

    реттік нөмірлері 12 және 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    12.

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

    Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2, «Алтын Орда» Бизнес орталығы

    Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жүргізуді, сондай-ақ білім беру жүйесі мен білім беру, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
    8-2-бабы

    15

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

    Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 1/1

    Осы Заңның 6-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 12) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау, құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу, көші-қон процестерін есепке алу жұмысын автоматтандыру, ішкі істер органдарына арналған бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеген кезде пайдаланатын бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

    «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының бірінші абзацы

    Осы Заңның 70-бабында және 73-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттарды дайындау, құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу жөніндегі, процестерді есепке алу, ішкі істер органдарына арналған бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру жұмысын автоматтандыру жөніндегі қызмет

    Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңының 70-1-бабы

    ».

    2-бөлімнің:

    реттік нөмірлері 13 және 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    13.

    «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы

    Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 18

    1) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор;

    «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
    3-бабының
    18) тармақшасы, 22-бабы

    2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, көрсетілетін қызметтерді денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алу саласындағы бірыңғай оператор;

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің
    1-бабының
    45) тармақшасы

    3) электрондық сатып алу цифрлық жүйесінің операторы – қарым-қатынас саласына қарай:

    Қорды және Қордың ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін – сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, өкілеттіктері сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын заңды тұлға (заңды тұлғалар);

    Қор және Қордың ұйымдары үшін – Қор айқындаған, өкілеттіктері Қордың сатып алуын жүзеге асыру тәртібінде айқындалатын заңды тұлға.

    «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының
    26) тармақшасы

    4) бюджет процессі саласындағы интегратор;

    Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің

    5-бабының
    25) тармақшасы, 6-бабының
    3-тармағы

    5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының операторы – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға

    «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 1-бабының 6-2) тармақшасы

    15.

    «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы

    Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 29

    1) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi орган бекiткен тiзбеге сәйкес мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң активтерін басқару мен пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;

    «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
    1-бабының
    21) тармақшасы, 9-бабы

    2) тіркеуші;

    «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
    1-бабының
    28-1) тармақшасы, 13-1-бабы

    3) қаржылық есептілік депозитарийі.

    «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңның
    1-бабының
    10) тармақшасы, 19-бабының
    7-тармағы

    ».

    мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 31, 32, 33 және 34-жолдармен толықтырылсын:

    «

    31.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

    Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абайдың 150 жылдығы көшесі, 22/3

    1) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функциясы;

    «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы
    1-тармағының
    3) тармақшасы

    2) эпизоотиялық мониторингі;

    3) Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциясын жүргізу;

    4) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылау;

    5) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референция;

    6) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік мониторинг;

    7)микроорганизмдердің штамдарын депонирлеу;

    8) жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған аса қауіпті және экзотикалық ауруларының диагностикасын жүзеге асыру.

    32.

    «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы

    Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, А. Мәмбетов көшесі, 32

    Мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жүйелеу, жинақтап қорыту және беру

    «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің
    75-бабының
    3-тармағы

    33.

    Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

    Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/5

    Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты

    «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 14-1-бабы

    34.

    «Самұрық-Қазына Контракт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

    Астана қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10

    электрондық платформаның әкімшісі

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 10-11-бабы

    »

    1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің
      (бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін Агенттіктің интернет – ресурсында жаңартуды қамтамасыз етсін.
    2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
    3. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап алты ай өткен соң күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы

    М. Омаров

    Тізілімге сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/359387?lang=kk

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    №8 11.09.2026 хаттама Қостанай облысының кедергілер жөніндегі Кеңесінің отырыстары

    №8 хаттама Қостанай облысының кедергілер жөніндегі Кеңесінің отырыстары 11.09.2026

    Бұйрық

    №21-НҚ Жұмыс кестесін бекіту туралы

    Жұмыс кестесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бәсекелестік қорғау және дамыту Агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы №1-НҚ бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агент...

    Хаттама

    8.09.2026 ж №7 хаттама Қостанай облысының кедергілер жөніндегі Кеңесінің отырыстары

    2026 ж №7 хаттама Қостанай облысының кедергілер жөніндегі Кеңесінің отырыстары

    Есеп

    2025 жылғы жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы Жылдық есеп

    Жылдық есеп

    Ақпарат

    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы қабылданған заңнамалық актіні іске асыру туралы ақпарат

    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңды іске асыру...

    Ақпарат

    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылғы 12 маусымдағы қабылданған Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердің ақпарат

    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республ...

    Баспасөз-хабарлама

    Қоғамдық кеңесте жеке теміржол тасымалдаушылардың проблемалары қаралды

    2026 жылғы 19 тамыздаА.Ж.Бикебаевтың төрағалығымен бейне-конференцбайланыс арқылы Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста теміржол тасымалы нарығында...

    Хаттама

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қоғамдық кеңесі отырысының ХАТТАМАСЫ №5

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қоғамдық кеңесі отырысының ХАТТАМАСЫ № 5 Астана қаласы Төрағалық етті: А.Ж. Бикебаев Қатысқандар: тізім бойынша 2026 жылғы 19 тамыз сағат 16.00 1. Теміржол тасымалы нарығынд...