2026 жылғы 19 тамызда А.Ж.Бикебаевтың төрағалығымен бейне-конференцбайланыс арқылы Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста теміржол тасымалы нарығында бәсекелестікті дамыту, жеке тасымалдаушылардың магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Белсенді талқылау және сындарлы пікір алмасу қорытындысы бойынша, Қоғамдық кеңес мүшелері Агенттіктің салалық департаментіне жеке теміржол тасымалдаушылардың қатысуымен кеңес өткізуді ұсынды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің «Экономиканы ырықтандыру туралы» Жарлығының ағымдағы орындалуы туралы ақпарат тыңдалды.