Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің
Қоғамдық кеңесі отырысының
ХАТТАМАСЫ № 5
Астана қаласы
Төрағалық етті: А.Ж. Бикебаев
Қатысқандар: тізім бойынша
2026 жылғы 19 тамыз
сағат 16.00
1. Теміржол тасымалы нарығында бәсекелестікті дамыту.
Жеке тасымалдаушылардың магистральдық теміржол
желісінің қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету
1.1. Көлік және байланыс департаменті басшысының міндетін
атқарушы Д.К.Бисенгалиевтің ақпараты назарға алынсын.
1.2. Қоғамдық кеңес мүшелері Н.В. Радостовецтің, Т.А. Одиловтың,
Д.С. Исмаиловтың, Р.Н. Ахметовтың пікірлерін, сондай-ақ пікір алмасуды
ескере отырып, көпшілік дауыспен Агенттікке келесі ұсыныс беру туралы
шешім қабылданды:
1)
Көлік және байланыс департаменті жеке жүк теміржол
тасымалдаушылары, «Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушылары
қауымдастығы» ЗТБ-мен кеңес өткізсін, 2024 жылғы Теміржол көлігі
нарығындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі жол картасының, Қазақстан
Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 938
Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау
және дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының»
орындалуын талқыласын, кеңеске Қоғамдық кеңес мүшелерін шақырсын.
Кеңес қорытындысы бойынша Үкіметке жеке жүк теміржол
тасымалдаушыларының нарығын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізсін.
2. «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын
іске асыру барысын талқылау
2.1. Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаментінің бас
консультанты Д.Д. Қабдуғапардың ақпараты назарға алынсын.
Төраға
А. Бикебаев