Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

    Абай облысының әкімдігі

    Абай облысында жергілікті атқарушы органдармен мемлкеттік қызметтерді
    14 басқарма және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, 12 қалалар мен аудандардың әкімдіктері, оның ішінде дербес бөлімдер, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, ауылдар, кенттер, ауылдықокругтер әкімдерінің аппараттары көрсетеді.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдар 186 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде Абай облысының қалалары мен аудандарының әкімдіктері мемлекеттік қызметтің 65 түрін, Абай облысының әкімдігінің басқармалары 79 түрін, ведомстволық бағынысты ұйымдары (мансаптық орталықтар, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, барлық түрдегі мектепке дейінгі ұйымдар, медициналық ұйымдар) 42 қызмет түрін көрсетеді.

    2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Абай облысының жергілікті атқарушы органдары 8 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде электрондық түрде көрсетілген қызметтердің үлесі шамамен 99% немесе 8 622 268 қызметті құрайды.

    Анықтама үшін:

    2025 жыл ішінде барлығы 8 711 970 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қағаз түрінде қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы – 21 869 (0,25%) қызмет көрсетілді. Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы көрсетілген – 55 753 (0,64%) қызмет. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) арқылы – 12 080 (0,14%). «Электрондық үкімет» порталы арқылы – 8 622 268 қызмет.

    Абай облысы бойынша 2025 жылы жергілікті атқарушы органдармен (облыс әкімі аппараты, қалалар мен аудандар әкімдері, мемлекеттік қызмет көрсететін ведомстволық бағынысты ұйымдары бар облыстық басқармалар) 81 бақылау іс-шарасы өткізілді.

    Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының 903 бұзушылығы анықталды.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуы – 13 (1,3%).

    Мемлекеттік қызметтер көрсету бизнес-процестерінің бұзылуы – 721 (79,9%).

    Негізсіз бас тартулар – 49 (5,4%).

    Құжаттардың «толық емес» топтамасымен мемлекеттік қызметтер көрсету – 22 (2,4%).

    Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге талаптарының бұзылуы (мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлардың болмауы, есептік деректердегі сәйкессіздіктер және т.б.) – 98 (10,9%).

    Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың
    7 маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    2025 жылы Абай облысының жергілікті атқарушы органдарымен 855 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, халықты қамту – 420 мың адамды құрады.

    «Abai eli» газетінде 10 мақала, Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік желілердегі (Instagram, Facebook) парақшаларында 65 тікелей эфир өткізілді. Бірыңғай ақпараттық ресурстар порталдарының сайттарында 589 жарияланым, түсіндіру жұмыстары (жиналыстар, кездесулер) жүргізілді.

    Облыс әкімдігі «электрондық үкімет» порталы сервистері арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуды танымал ету бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері, БАҚ-та жарияланымдар және т.б.).

    Облыс бойынша 300-ден астам өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді, олар арқылы 350 000 мыңнан астам электрондық қызмет көрсетілген. Бұрыштардағы консультанттар халыққа «электрондық үкімет» порталы сервистері, Egov Mobile мобильді қосымшасы, Telegram-бот @EgovKzBot2.0 арқылы электрондық қызметтерді өз бетінше алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

    2025 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілді. Әлеуметтік зерттеу барысында мемлекеттік қызметтердің 13 түрі бойынша 538 респондент сауалнамаға қатысты.

    Қоғамдық мониторинг қызмет алушылардың қызмет көрсетушілер ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасына, қолжетімділігіне және рәсімдеріне қанағаттану деңгейін анықтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында жүргізіледі.

    Зерттеу қорытындысы бойынша Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының бағасы 4,79 балды, қанағаттану деңгейі — 79,7%-ды құрады.

    2024 жылмен салыстырғанда +0,35 балл немесе 9,1% оң динамика байқалады (2024 жылы – 4,44 балл немесе 70,6%).

    2023–2025 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органдардың мониторинг нәтижелерінің салыстырмалы талдауына сәйкес халықтың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану динамикасы +15,5% немесе 0,42 балды құрады.

    Жүктеу
    Отчет о деятельности местных исполнительных органов области Абай по вопросам оказания государственных услуг за 2025 год
    Отчет о деятельности местных исполнительных органов области Абай по вопросам оказания государственных услуг за 2025 год
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2026 жылғы «31» шілдедегі жағдай бойынша Абай облысы әкімдігінің ақпараты (мемлекеттік органның атауы)

    № р/н Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Қаулы жобасының Үкімет Аппаратына енгізілген, заңға тәуелді актінің қабылданған, мемлекеттік тіркелген күні (егер мерзімінде...

    Абай облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Абай облысының делегациясы Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысуда

    Бүгін Ресей Федерациясының Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің XXII Өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады. Бұл – экономика, инвестициялар, өнеркәсіп, көлік және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту мәселелер...

    Абай облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Облыс әкімі: «Әкімдердің жұмысы өткізілген сенбіліктің санымен емес, елді мекендердің нақты жағдайымен бағаланатын болады»

    Әкімдік отырысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Думан Оспанов...

    Абай облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Абай облысының 2026 жылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

    Өнеркәсіпте 1 711,0 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндіріс индексі –101,5%. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 405,5 млрд. теңге немесе нақты көлем индексі – 104,0%. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі...

    Абай облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы қаңтар-маусым айларындағы Абай облысының әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша АҚПАРАТ

    2026 жылдың1 маусымындахалық саны: 593,6 мың адам, оның ішінде қала тұрғындары – 374,6 мың адам (63,1%). Облыстың әкімшілік бөлінісі: 2 облыстық маңызы бар қала, 2 аудандық маңызы бар қала, 10 аудан, 134 ауылдық округ, 2...

    Абай облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылы облыс әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің күнтізбесі

    БЕКІТЕМІН Абай облысы әкімі ____________ Уәли Б. «____» __________ 2026 жыл 2026 жылы облыс әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің күнтізбесі Абай облысы әкімі 28.08.2026 10.00 (жұма) 04.09.2026 10.00 (жұма) 11.09.2026...

    Абай облысының әкімдігіЖарияланды:
    Хаттама

    «Абай облысы әкімінің аппараты» ММ бірыңғай конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 2 шілдедегі № 2 хаттамасына сәйкес төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға ұсынылғандардың тізімі

    «Абай облысы әкімінің аппараты» ММ бірыңғай конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 2 шілдедегі № 2 хаттамасына сәйкес төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға ұсынылғандардың тізімі: № Бос лауазым Т.А.Ә. 1 Абай облысы ә...

    Абай облысының әкімдігіЖарияланды:
    Кесте

    Әңгімелесу және эссе өткізу кестесі

    Әңгімелесу және эссе өткізу кестесі № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Әңгімелесу өтетін орны, күні және уақыты Эссе өтетін орны, күні және уақыты 1 Абай облысы әкімінің аппараты ұйымдас...

    Абай облысының әкімдігіЖарияланды: