Өнеркәсіпте 1 711,0 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндіріс индексі –101,5%. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 405,5 млрд. теңге немесе нақты көлем индексі – 104,0%.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,7% өсіммен 158,7 млрд. теңгені құрады.
Облыс экономикасына 232,3 млрд. теңгеге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі – 123,2%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 125,1 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 131,0%.
Ішкі сауда көлемі 499,8 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 105,1%.
Жыл басынан 104,5% өсіммен, 128,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Көлік қызметтерінің көлемі 114,7 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 117,8%.
Байланыс қызметтерінің көлемі 6,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 101,0%.