Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ 2026 ж. 21 сәуір

    Ақмола облыстық мәслихаты

    Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес отырысының

    Хаттамасы

    Көкшетау қ. 2026 ж. 21 сәуір

    11.00

    Қатысқандар: қалалық пен аудандық мәслихаттардың төрағалары (тізім қоса беріледі)

    Төрағалық етуші: Б.А.Жүсіпов – Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы

    ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:

    1. Өкілді органдар мен Қоғамдық кеңестердің өзара іс-қимылы
    2. Мәслихаттардың барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын қалыптастыру мәселелері туралы
    3. ҚР БП 2023 жылғы 04.01. №4 бұйрығымен бекітілген ӘРПК негізгі талаптарын және өтініштерді тіркеу және есепке алу қағидаларын түсіндіру
    4. Мәтіннен мазмұнға дейін. 2026 жылы қандай ЖИ қолдану керек

    Сөз сөйлегендер:

    1. Құлышев Қабдуали Қабыкенұлы - Қоғамдық кеңестің төрағасы
    2. Политкин Николай Афанасьевич - облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары
    3. Құдабаева Ләззат Айтбайқызы - ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің бастығы
    4. Қуаныш Мұқышев – «Көкшетау Маркетинг» комьюнити көшбасшысы. Креатор

    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөйлегендердің баяндамаларын тыңдап, талқылап, қаралған мәселелердің өзектілігін, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру қажеттігін, сондай-ақ заңнама талаптарын сақтаудың және қазіргі заманғы цифрлық шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтіп, мәслихаттар қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес мүшелері мынадай ұсынымдарды қабылдады:

    1. Баяндамашылардың ақпараты назарға алынсын және әрі қарай жұмыста қолдансын.
    2. Мәслихаттардың Қоғамдық кеңестермен жүйелі өзара іс-қимылын, оның ішінде тұрақты ақпарат алмасуды, өңірлік дамудың өзекті мәселелері бойынша бірлескен отырыстар мен қоғамдық талқылаулар өткізуді қамтамасыз ету.
    3. Барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз ету.
    4. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) нормаларының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу Қағидаларының сақталуын бақылауды күшейту.
    5. Деректерді талдау және жұмыс процестерін автоматтандыру құралдарын игеруді қоса алғанда, мәслихаттар депутаттары мен аппараттары қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын дамытуға жәрдемдесу.
    6. Мәслихаттар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру үшін заманауи цифрлық платформалар мен құралдарды (әлеуметтік желілер, онлайн-қабылдау бөлмелері, цифрлық кері байланыс сервистері) пайдалануды ұсыну.

    Ақмола облысы

    мәслихаттарының қызметін

    үйлестіру кеңесінің төрағасы Б. Жүсіпов

    Ұқсас материалдар

    Қаулы

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының ҚАУЛЫСЫ.

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының ҚАУЛЫСЫ 2026 жылғы 4 қыркүйек Қатысқандар:Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының мүшелері, облыстық басқармаларының басшылары. Күн тәртіб...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Қаулы

    Аграрлық мәселелер және өңірді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының ҚАУЛЫСЫ

    Көкшетау қ. 2026 жылғы 26 тамыз Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы А.М. Ахмедьяновтың, Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы М. К. Ержанның, Ақмола облысының ауыл...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Қаулы

    Ақмола облыстық мәслихатының Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысының №11 ҚАУЛЫСЫ

    Көкшетау қ. 2026 жылғы 24 тамыз «Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді,...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Қаулы

    Ақмола облыстық мәслихатының Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысының №10 ҚАУЛЫСЫ

    Көкшетау қ. 2026 жылғы 24 тамыз «Ақмола облысында балалардың құқықтардың қорғау және жетім балаларды отбасылық орналастырудың отбасылық нысандарын дамыту бойынша кешенді жұмысты ұйымдастыру» (оның ішінде кәсіби қабылдау...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Қаулы

    Ақмола облыстық мәслихатының Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысының №9 ҚАУЛЫСЫ

    Көкшетау қ. 2026 жылғы 24 тамыз «Ақмола облысында білім беру жүйесін дамыту: Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын і...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Өкім

    Қоғамдық кеңестің сандық құрамы бойынша өкім

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Тізбе

    Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің құрамы (2025-2027 ж.ж.)

    Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің құрамы (2025-2027 ж.ж.) № Кандидаттардың аты-жөні Лауазымы мен жұмыс орны 1 Ахетова Әлияш Қойшыбайқызы Публицист. Педагог. Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі. Қазақстан Ре...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Қаулы

    Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары бірлескен отырысының қорытындысы бойынша қаулы

    Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары бірлескен отырысының қорытындысы бойынша қаулы Көкшетау қ. 2026 ж. 11 маусым Қоршаған ортаны қорғауға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде қоршаған ортаға...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды: